Жаңалықтар
Цифровой мир: Казахстан лидер по экспорту IT-решений в Центральной Азии
Газета Маяк
Конституциялық реформадағы өзгерістер арқылы Жаңа Қазақстан құрылады – Бәшімов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті қоғам орнату туралы ұстанымы азаматтарға түсінікті болды. Біз заңгер ретінде айтатынымыз, Конституцияның ең маңызды принципі – адам құқығын қорғау. Референдумға келіп, Конституциялық құқықтарға қатысты өзгерістерге дауыс берудің өзі жақсы болып отыр. Жаңа Қазақстан құрудағы мақсатымыз келешек ұрпаққа әділетті елді қалдыруды білдіреді, - деді Бәшімов.
Ол атағандай, конституциялық реформадағы өзгерістер арқылы Жаңа Қазақстан теңдік пен әділдіктен басталады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жақсы өмір сүргенін қалайды. Осы конституциялық өзгерістер арқылы халықтың әл-ауқатын арттырып, қоғамдағы жағдайды оңалтқысы келеді. Бұл өзгерістер арқылы біз гүлденген, әділетті Қазақстан құра аламыз, - деді Марат Бәшімов.
Айта кетейік, брифингте «Конституциялық реформа - жүйелі жаңару жолы» тақырыбы тақыланды. Отырыста ҚСЗИ сарапшылары мен заңгерлер конституциялық реформаның халыққа әсерін түсіндірді.
https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reformadagy-ozgerister-arqyly-zhana-qazaqstan-qurylady-bashimov_279306/
Языки издания: казахский, русский
Распространение газеты: подписка+розница
Дни выхода: пятница
Тираж: 1050 экз.