Жаңалықтар
Цифровой мир: Казахстан лидер по экспорту IT-решений в Центральной Азии
Газета Маяк
Сауалнамаға қатысқан 10 мың студенттің 86 % референдумға баратынын айтқан
Қазақстан студенттері альянсы өткізген онлайн сауалнамаға қатысқан 10 мың студенттің 86 % референдумға баратынын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы аталмыш альянс президенті Ілияс Түстікбаев Л.Гумиев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен дөңгелек үстелде айтты.
«Осы айдың басында, референдум туралы алғашқы түсіндіру жұмыстарын бастаған кезде жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері мен оқытушыларын қамтимыз деп жоспарладық. Университеттер мен жоғары оқу орындарында 1 миллиондай адам білім алып жатыр. Бірақ олардың бәрі 18-ге толмағанын ескеру керек. Қазір бүкіл колледждер мен униерситеттерде референдумды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп болды. Жасы 18-ге толған 300 мың студент қамтылды», - деді ол.
Айтуынша, түсіндіру жұмыстарынан кейін әлеуметтік желі арқылы онлайн сауалнама жүргізілген.
«Әлеуметтік желідегі парақшаларымызда 70 мыңдай оқырман бар. Кім референдумды қолдайтынын сұрап, сауалнама жүргізгенбіз. 80% референдумға баратындарын, қолдайтындарын айтты. 70 мың оқырманның 10 мыңы сауалнамаға қатысқан болатын. Нақтырақ айтсақ, 86%-ы референдумға баратынын айтып дауыс берсе, шамамен 11-12% әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты. Яғни, бұларға түсіндіру жұмыстары жетпеген деп есептедік. Немесе толық түсініп үлгермеген», - деді Ілияс Түстікбаев.
Айта кетейік, референдумға баратын қазақстандықтарға мына мәліметтерді білгені абзал.
https://www.inform.kz/kz/saualnamaga-katyskan-10-myn-studenttin-86-referendumga-baratynyn-aytkan_a3939399
Референдумға қатысудың маңызы зор
Мәжіліс депутаты Александр Милютин және Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері жұмыс сапарымен Ақмола облысына келіп, облыстың ТЖ департаментінің қызметкерлерімен кездесулер өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Щучинск қаласы жасағының қызметкерлеріне Конституцияға ұсынылған өзгерістерді түсіндірді. Кездесуге азаматтық қорғау органдарының 100-ден астам қызметкері қатысып, болашақ референдум туралы өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.
«Болашақ референдум барлық қазақстандық үшін өте маңызды оқиға, өйткені референдум арқылы Конституцияға 1995 жылдан бастап өзгерістер енгізілген жоқ. Біздің республикамыздың әрбір азаматы, азаматтық қорғау органдарының қызметкері осы маңызды саяси оқиғаға қатысуға және өз ұстанымын білдіруге құқылы», деп атап өтті Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин.
ТЖМ өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформаның негізгі бағыттары туралы егжей-тегжей айтып берді. «Бұл түзетулер жалпы алғанда президенттік реформалар мен Жаңа Қазақстан рухына сәйкес келетін Конституция баптарының үштен бір бөлігін қамтиды. Конституциялық өзгерістер мемлекеттің толыққанды дамуы, сондай-ақ жаңа ұрпақтың мүддесін көрсету үшін керек», деп атап өтті А.Милютин.
Кездесу соңында Мәжіліс депутаты мен Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қойылған сұрақтарға жауап беріп, қатысушыларды осы жылдың 5 маусымында өтетін бүкілхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
https://egemen.kz/article/313950-referendumgha-qatysudynh-manhyzy-zor
Референдум еліміздегі демократиялық дәстүрлерді бекіту жолындағы маңызды қадамға айналады – ҚР Президенті
Реформа жекелеген тұлғалардың, оның ішінде Президенттің артықшылығын ұлғайту үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесі үшін өткізіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстанда Конституцияны өзгерту жөніндегі жалпыұлттық референдум алғаш рет өтеді. Бұл оқиға еліміздегі демократиялық дәстүрлерді бекіту жолындағы маңызды қадамға айналады. Еліміздің азаматтары конституциялық өзгерістердің мән-маңызын жалпы түсінеді», - деді ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, референдумға елімізде де, шетелде де қызығушылық жоғары. Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген әлеуметтік сұраныстың жоғары екендігін, адамдар алдағы өзгерістерге шынайы сенетіндігін білдіреді.
«Бұл – заңдылық. Өйткені, реформа жекелеген тұлғалардың, оның ішінде Президенттің артықшылығын ұлғайту үшін емес, бүкіл қоғамның мүддесіне орай өткізіледі. Маған елдің ішінде және шетелден «іс басындағы Мемлекет басшысы референдум арқылы өз өкілеттігі мерзімін ұзартпақ па? Яғни, президенттік мерзімін жаңадан қайта бастамақ па?» деген сұрақтар қойылды. Жауап беремін: Мұндай ниет болған жоқ және болмайды да. Ұсынылған саяси жаңғыру бағдарламасы мазмұны жағынан өте ауқымды. Негізгі басымдық азаматтардың құқықтары мен бостандықтар қорғау жүйесін күшейтуге, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге, билік институттарының транспаренттілігі мен тиімділігін көтеруге жасалған», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://www.inform.kz/kz/referendum-elimizdegi-demokratiyalyk-dasturlerdi-bekitu-zholyndagy-manyzdy-kadamga-aynalady-kr-prezidenti_a3939582
Конституциялық реформаның ең басты мақсаты мемлекеттілігіміз бен Тәуелсіздігімізді нығайту - Әшімбаев
Елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның әр қазақстандыққа тікелей қатысы бар. Соның ішінде жастар үшін бүгінгі өзгерістердің маңызы зор. Себебі Жаңа Қазақстанның иесі де, оның қозғаушы күші де қазіргі жас буын екені анық. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сондықтан бір топ сенатормен бірге Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесіп, қолға алынған саяси бастамаларды жан-жақты талқыладық. Өзгерістер, ең алдымен, адам құқығын қорғауды, әділеттілік қағидаты мен заң үстемдігін қамтамасыз етуді және баршаға бірдей тең мүмкіндік жасауды көздейді. Парламенттің рөлі мен халық алдындағы жауапкершілігін күшейту де негізгі міндеттердің бірі. Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың дербестігін арттыру, саяси монополияны болдырмау үшін қолға алынған басымдықтардың да мәні жоғары. Кездесуде осы мәселелерге кеңінен тоқталып, конституциялық реформаның ең басты мақсаты мемлекеттілігіміз бен Тәуелсіздігімізді нығайту екенін айттым»,-деп жазды Сенат төрағасы.
«Осы ретте жастарымыздың белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Олар жаңару мен жаңғыру жолындағы істерге атсалысуға дайын екендерін жеткізді. Облысқа сапар барысында өңірдегі әлеуметтік кәсіпкерлермен де кездестім. Бұл сала Сенаттың басты назарында екені мәлім. Осы бағытта еңбек етіп жүрген түркістандық кәсіпкерлер бүгінгі реформалардан үлкен үміт күтетіндерін айтты. Облыстағы әлеуметтік кәсіпкерліктің жай-күйі мен оны әрі қарай дамыту мәселесі де әңгімемізге арқау болды. Кентау қаласындағы трансформатор зауытына да арнайы ат басын бұрдық. Зауыт ұжымымен кездесуде саяси өзгерістердің салмағы мен негізгі басымдықтарын сөз еттік. Жаңа Конституцияда әр азаматтың, оның ішінде еңбек адамдарының құқығын қорғауға және барлық салада әділеттілік орнатуға басымдық берілетінін айттық. Осы орайда Түркістан жұрты алдағы референдумге белсенді қатысып, Жаңа Қазақстан құру ісіне үлкен үлес қосады деп сенеміз және соған шақырамыз»,-дейді Мәулен Әшімбаев.
https://www.inform.kz/kz/konstituciyalyk-reformanyn-en-basty-maksaty-memlekettiligimiz-ben-tauelsizdigimizdi-nygaytu-ashimbaev_a3939736
Жастар оң өзгерістерге дайын
Халықаралық білім беру корпорациясында конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Конституция – мемлекеттің негізгі заңы» тақырыбында вебинар өтті.
Іс-шара алдағы 5 маусымда өтетін Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жалпыреспубликалық референдумға орайластырылған. Вебинарға Халықаралық білім беру корпорациясының 50-ден астам белсенді студенті қатысты.
Алматы қаласының мәслихат депутаты Әсия Ақанова республикалық референдумға ұсынылатын өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. «Жаңа Қазақстан білімді, ізденімпаз және жасампаз жас азаматтың интеллектуалды ұрпағы түсінігіне сәйкес келуі тиіс. Сондықтан жастар түсіндіру жұмыстарына, іс-шараларға, оның ішінде пікірталастарға белсенді қатысуы маңызды», деп түйіндеді сөзін депутат.
Жалпы жиын ашық сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылды. Сонымен қатар жастар елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуы жолында қабылданатын конституциялық реформалар, сондай-ақ Конституцияны жетілдіру туралы өз пікірлерін білдірді. ХБК студенті Бағлан Лесбеков мүгедек жандарға көмек көрсету мәселесін атап өтсе, Айым Масабаева әрбір Қазақстан азаматы оң өзгерістерді өзінен бастау керектігін, яғни «әрқайсымыздың игі істеріміз бен оң бастамаларымыз Жаңа Қазақстанға айналудың алғашқы қадамы» деген пікірін қосты. Сондай-ақ вебинар аясында әлеуметтік желілердегі, оның ішінде TikTok-тағы ақпаратты сұрыптау мәселесі қозғалды.
https://egemen.kz/article/313951-zhastar-onh-ozgeristerge-dayyn
Бизнес өкілдері де белсенді
Референдумды ойдағыдай өткізу – баршаға ортақ жауапкершілік. Бұдан бизнес өкілдері де тыс қалмақ емес. Бүгінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен кәсіпкерлер де алдағы референдум туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Палата Конституцияға енгізілетін түзетулерді шағын және орта бизнес субъектілері арасында жан-жақты түсіндіру үшін арнайы жоспар әзірлепті.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, түзілген жоспар аясында сауда және ойын-сауық орталықтарында, дүкендерде, басқа да шағын және орта бизнес нысандарында түрлі кездесулер ұйымдастырылған. Бұдан бөлек, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының консультанттары да түсіндіру жұмыстарына атсалысуда. Онлайн-вебинарлар да өткізіліп жатыр. Бұл арқылы 265 мың адамды қамту көзделіп отыр.
– Қазірдің өзінде түсіндіру жұмыстары арқылы 4 мыңнан аса кәсіпкерлік нысанын аралап, 90 мыңға жуық адамды қамтыдық. Атап айтқанда, 220 желілік дүкенді, тұрғын үйлерде орналасқан 1 300 дүкенді, сауда-саттықпен айналысатын 328 нысанды, 200 нарық пен 1 300-ден аса басқа да нысандарды араладық, – деді Райымбек Баталов.
Оның айтуынша, дәл қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Әсіресе, орта, шағын және микро бизнес субъектілерінде еңбек ететіндерді қамту керек. Өйткені, халықтың көп бөлігі дәл осы салада шоғырланған.
– Өкінішке қарай, көп жағдайда бизнестегі адамдар мұндай түсіндіру жұмыстарынан сырт қалып жатады. Оларға елдегі саяси оқиғалар туралы ақпарат та дұрыс жеткізілмейді. Біз бұл жолы осы олқылықтың орнын толтыруды жөн көрдік. Оның үстіне ұлттық палатаның халықпен жұмыс істеуде қалыптасқан өзіндік тәжірибесі бар, ресурсы да жеткілікті. Түсіндіру жұмыстарына палатаның өңірлік филиалдары, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары тегіс жұмылдырылды және бұл дұрыс қадам болды деп есептеймін, – дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы.
Оның пікірінше, қазірдің өзінде елімізде оң өзгерістер басталды. Халық осының бәрінен уақытылы хабардар болуы керек.
– Референдум әшейін науқан емес. Ол – болашағымызды таңдау. Сондықтан оның маңыздылығын бәріміз түсінуіміз керек, – дейді Р.Баталов.
Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаевтың айтуынша, халықты референдумға шақыру, Конституцияға енетін өзгерістерді халыққа түсіндіру жұмыстары үшінші мегаполисте де қарқынды жүріп жатыр.
– Осы аптада шаһардағы ірі сауда орындары мен үй іргесінде орналасқан дүкендерді араладық. Халықтың дені алдағы саяси шарадан хабардар. Дегенмен өзгерістерді егжей-тегжей түсіндіруге тырыстық. Шын мәнінде, бұл референдумда халықтық азаматтық белсенділігі байқалатын болады. Сондықтан оған бизнес өкілдері де тегіс қатысады. Жаңа Қазақстан – жалаң ұран емес. Ол жаңа һәм әділетті қоғам құру қағидаты. Демек халық өз пікірін ашық айтуы керек. Соған берілген үлкен мүмкіндіктің бірі – алдағы референдум. Ондағы өзгерістердің ауқымын ескерсек, референдумға ел тұрғындарының тегіс қатысуы маңызды, – дейді Нұрлан Қабыштаев.
«Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы» АҚ вице-президенті, конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелері жөніндегі республикалық штабтың мүшесі Марат Мұстафиннің пікірінше, халық, оның ішінде бизнес өкілдері бұл референдумды ұзақ күтті.
– Қаңтар қасіреті елдегі өзгерістерге жол ашты. Бұл өзгерістерді бизнес те ұзақ күтті. Әсіресе шағын және орта бизнес. Осы күнге дейін ірі бизнеске ерекше назар аударылып келді де, шағын және орта кәсіпкерлікке бертін ғана мән беріле бастады. Ал дамыған елдер ел экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін арттыруға тырысады. Себебі экономиканы көтеретін де сол сектор. Меніңше, алдағы өзгерістерден соң, елдегі кәсіпкерлік саласының тынысы ашылады. Сондықтан алдағы референдумнан үлкен үміт күтеміз, – дейді Марат Мұстафин.
https://egemen.kz/article/313944-biznes-okilderi-de-belsendi
Тоқаев: Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес
Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.
«Алдағы референдум – бұл елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес екенін атап өткім келеді. Бұл түптеп келгенде оның бастауы. Жұмыс енді ғана басталады. Өйткені, өмірдің өзі және азаматтардың қажеттілігі біздің алдымызға жаңа міндеттерді жүктейтіні сөзсіз. Біз саяси салада «талдырма терапия» орынсыз екеніне сүйенуміз қажет», - деді ҚР Президенті Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде. Мемлекет басшысының пайымынша, күрделі геосаяси ахуалда ол келеңсіз салдарға, құлдырауға, тіпті мемлекеттіктен айырылып қалуға әкелуі мүмкін.
Сондықтан да осынау күрделі жолда әр қадамды ойластыра отырып, нық әрі сенімді басу қажет. «Тасыған өзеннен өтерде аяғыңның жерге тиетінін білуің қажет» дейді шығыс даналығы. Ең бастысы – қоғамымыз алғашқы қадам жасауға дайын және ол ең соңғысы болмақ емес. Реформаның міндетті түрде жалғасы болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://www.inform.kz/kz/tokaev-aldagy-referendum-bul-eldegi-sayasi-transformaciyanyn-songy-satysy-emes_a3939588
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 87-бап
Қазіргі қолданыстағы Конституцияда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген баптардың бір қатары Ата заңның Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқаруды қамтыған VIII бөлімі.
Аталған бөлімде барлығы 5 бап бар. Соның ішінде 87-бап еліміздегі өңірлердің әкімдерін тағайындау немесе сайлау тәртібіне арналған.
Оқырмандардың есінде болса, өткен жылы еліміздегі ауыл әкімдерін сайлау жүйесі енгізілген болатын. Ал Мемлекет басшысы өз сөзінде алдағы уақытта бұл үрдіс аудан әкімдеріне қолданылатынын айтқан еді.
87-бапта атап көрсетілгендей, бұған дейін елдегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерін жергілікті мәслихаттың келісімімен Президент тағайындап келген болатын.
Осы жолы жалпыхалықтық референдумға ұсынылған Ата заң жобасында 87-баптың 4, 5-тармақтары жаңа редакцияда жазылды. Мысалы 87-баптың 4-тармағы бойынша бұдан былай әкім қызметіне Президент кемінде екі кандидат ұсынады. Мәслихат депутаттарының басым дауысын иеленген кандидат сол өңірге әкім болып тағайындалады.
Тағы бір айта кетерлігі, Мемлекет басшысы облыстың, қаланың, ауданның әкімдерін өз ұйғарымы бойынша орнынан алып тастай алады.
87-баптың 5-тармағына енгізілген өзгеріс – жергілікті мәслихат депутаттарының сол аумақтағы әкімге сенімсіздік білдіру мәселесін анық түсіндірді. Бұған дейін бірден Мемлекет басшысына жүгініп келсе, енді жергілікті әкімдіктен жоғары отырған әкімге жүгіне алады. Мысалы ауыл әкімі жөнінде ауданға, аудан әкімі жөнінде қалаға, қала әкімі жөнінде облысқа дегендей.
Сонымен жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты жаңа өзгерістер енгізілген 87-бапта басқа қандай жаңалықтар барын төмендегі салыстырудан оқып көруге болады.
Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.
87-бап
Жаңа нұсқада: 87-бапта:
1) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тиісінше облыстың аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарының келісімімен Республика Президенті қызметке тағайындайды.
Республика Президенті дауыс беру жүргізілетін кемінде екі кандидатураны ұсынады. Дауыс беруге қатысқан мәслихат депутаттарының көп дауысын алған кандидат олардың келісімін алды деп есептеледі.
Өзге әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері заңда айқындалатын тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметінен босатылады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметінен босатуға құқылы»;
Ескі нұсқада: 87-баптың 4-тармағы
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері заңда айқындалатын тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметінен босатылады.
Жаңа нұсқада: 87-бапта:
2) 5-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдеріне қатысты тиісінше Республика Президентінің не өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдеріне қатысты жоғары тұрған әкімнің алдына мәселе қоюға құқылы».
Ескі нұсқада: 87-баптың 5-тармағы
5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жөнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап, 6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап, 47-бап, 50-бап, 51-бап, 52-бап, 53-бап, 54-бап, 55-бап, 56-бап, 57-бап, 58-бап, 61-бап, 62-бап, 71-бап, 72-бап, 73-бап, 74-бап, 78, 82, 83-баптар.
https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-87-bap_279706/
Референдумға шығарылатын өзгерістер демократиялық заңдарға жол ашады – Ілияс Түстікбаев
Қазақстан студенттері альянсының президенті, ҚР Сенат жанындағы жастар мәселелері жөніндегі кеңес мүшесі Ілияс Түстікбаев 5 маусымдағы республикалық референдумға шығарылатын өзгерістерді болашақта қабылданатын демократиялық заңдадырдың бастамасы ғана ретінде атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Конституциялық реформаның ішінде нақты жастарға да керек өзгерістер бар. Бұл мемлекетті демкоратияландыру бағытында шығарылатын заңдардың тек басы ғана. Осы өзгерістер қабылданған кейін әрі қарай жерге байланысты, прокуратураға, сайлауға байланысты, партияға байланысты, БАҚ-қа байланысты түрлі жаңа заңдар қабылданады», - деген сарапшы еліміз бойынша жер кезегіне тұрып жатқан жастардың көбейгенін атап өтті. «Статистика бойныша жер алуға өтінім бергендердің арасында жастардың үлесі басым екен. Жер кезегіне жастар көп тұрып жатыр. Бұл жастардың конституциялық реформаларға сенетінін, ертең игерілмей жатқан жердің мемлекетке қайтарылып, жастарға берілетініне сенімді екенін көрсетеді. Шынымен де солай болады. Кейбір азаматтардың меншігінде мыңдаған, жүзмыңдаған гектар жер бар. Ол қазір игерілмей бос жатыр. Қазіргі заңның күшімен оны мемлекетке қайтару мүмкін емес. Болашақта тиісті заң енгізіліп бос жердің бәрі мемлекет меншігіне қайтарылады. Оны игерем, жұмыс істеймін деген азаматтарға қайта таратып береді», - деді Ілияс Түстікбаев. Айта кетейік, референдумға баратын қазақстандықтарға мына мәліметтерді білгені абзал. Автор: Есімжан Нақтыбай
https://www.inform.kz/kz/referendumga-shygarylatyn-ozgerister-demokratiyalyk-zandarga-zhol-ashady-iliyas-tustikbaev_a3939369
Референдумға баратын адам нені білу керек
ҚазАқпарат ҚР Орталық референдум комиссиясынан алынған мәліметтер негізінде референдумда дауыс берушінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген нұсқаулық ұсынады. Сонымен, 5 маусым күні референдумда дауыс беруге ниеттендіңіз дейік...
І. Сіздің негізгі құқықтарыңыз мен міндеттеріңіз мынадай: «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық Заңының 5-бабы бойынша референдумға қатысу құқығына 18 жасқа толған республика азаматтары ие. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ, сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да болмасын тікелей немесе жанама шектеуге жол берілмейді және бұл заң бойынша жазаланады. Азаматтар референдумға тең негізде қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады. Азаматтар референдумға тікелей қатысады, яғни әркім өзі үшін ғана дауыс береді.
ІІ. Өз учаскеңізді білу үшін ЖСН мен интернет болса жетіп жатыр Қазақстан азаматтары өз учаскелерін мына ақпараттық ресурстардағы «ЖСН бойынша дауыс беруге арналған учаскені іздеу» сервисінен таба алады: - https://www.gov.kz/referendum
https://www.referendum2022.gov.kz
Учаске болмаған жағдайда әкімдіктердің Call-орталықтарының тізімдері автоматты түрде көрсетіледі. Осы сияқты қызмет Kaspi.kz және Нomebank қосымшаларында жасалып жатыр. ІІІ. Референдум учаскесіндегі әрекетіңіз: А) Жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіп, референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне қол қоясыз да, дауыс беруге арналған бюллетень аласыз. Ә) Бюллетеньді жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырасыз. Б) Өзіңіз дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қоясыз. Ескерту: Бюллетеньге қарындашпен белгі қоюға, сондай-ақ оған қандай да бір түзетулер енгізуге жол берілмейді. Яғни, бөгде таңба түссе, бюллетень жарамсыз болып есептеледі. В) Толтырып болған соң бюллетеньді дауыс беруге арналған жәшікке саласыз. ІV. Дауыс беріп шыққаннан кейін журналистер мен бақылаушылар сұрақ қойса, қалай жауап бере аласыз? «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заңның 7-бабының 3-тармағы бойынша референдум өтіп жатқан күні және оның алдындағы күні БАҚ референдумға қойылған мәселені жақтап немесе оған қарсы дауыс беруге шақырмауға тиіс. Яғни, қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, референдум нәтижелерінің болжамдарын, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді аталған екі күнде жариялауға тыйым салынады. Демек, бұл мәселеде дауыс берушілерге қатысты нақты талап немесе шектеу жоқ. Жауапкершілік сіздің пікір, пайымыңызды жариялаған БАҚ-тың мойнында болады. V. Іссапарда, отбасы жағдайы бойынша басқа өңірде, қалада жүрсеңіз эксаумақтық принциппен (дәл сол сәтте өзіңіз жүрген мекенжай бойынша) референдумға қатыса аласыз ба? Оның шарттары қандай? Референдумға қатысушы өзінің болатын жерін ауыстырған жағдайда 2022 жылғы 20 мамырдан бастап 4 маусым сағат 18-ге дейін жазбаша өтініші бойынша жеке басын куәландыратын құжатын көрсетіп, тіркеу орны бойынша учаскелік комиссиядан есептен шығару куәлігін алуға мүмкіндігі бар. Есептен шығару куәлігін референдумға қатысушының атынан сенімхат арқылы алуға болады. Мұндай жағдайда өтінішке сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі. Ескерту: Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегіндегі референдумның басқа учаскесінде дауыс беруге тілек білдірген референдумға қатысушыға берілмейді. VІ. Ардагерлер мен мүгедектігі бар азаматтар, зейнеткерлер қалай дауыс бере алады? Референдумның жекелеген қатысушылары әр түрлі себептермен дауыс беруге келе алмайтын болса, 5 маусым күнгі сағат 12.00-ге дейін жазбаша өтініш беруі керек. Учаскелік референдум комиссиясы сол өтініш негізінде олардың болатын жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс. VІІ. Шетелде жүрген қазақстандықтар қайда жүгінуі керек? Шетелде жүрген азаматтар Қазақстан Республикасы елшіліктерінің жанындағы референдумның 65 учаскесінде дауыс бере алады. Аталған учаскелердің тізімі ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында бар. VІІІ. Референдумда сіздің дауыс беру құқығыңыздың бұзылмауын неше халықаралық бақылаушы бақылайды? ҚР Орталық референдум комиссиясы 272 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Оның ішінде 11 халықаралық ұйымнан 209 байқаушы, 25 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредиттелген. Айта кетейік, кеше референдум күнінде коронавирустың таралуының алдын алу алгоритмі бекітілді. Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысы бойынша референдумды өткізу кезінде: 1) адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ете отырып, референдумға қатысушылардың легін реттеуді; 2) үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін; 3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайларды жүйелі желдетуді; 4) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды желдетуді; 5) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды жуу құралдарын қолдана отырып тазалау, ылғалды жинау, дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Аталған қаулының орындалуын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, аумақтық референдум комиссиялары қамтамасыз етуі тиіс. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, референдум кезінде онлайн дауыс беру тетігі қарастырылмаған. «Референдум 2-3 жыл бұрын жоспарланған жоқ. Референдумды цифрлық түрде өткізу үшін технология жалпы дайын. Нақтырақ айтсам, жарты немесе 1 жыл уақыт берсе, дайындауға болады. Бірақ заңдылығын, ақпараттық қауіпсіздігін де ескеруіміз керек. Дауыс беру қалай өтті? «Базада өзі отыр ма, басқа біреу дауыс берді ме?» деген сұрақтар туындайды. Келешекте қолға алу үшін Орталық сайлау комиссиясына біз ұсыныс жасаймыз, бірге талқылаймыз», - деген еді ол ақтөбеліктермен өткен кездесуде.
https://www.inform.kz/kz/referendumga-baratyn-adam-neni-bilu-kerek_a3939300
2 бет. Барлығы: 6
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- Алға
- Аяқ жағына
Языки издания: казахский, русский
Распространение газеты: подписка+розница
Дни выхода: пятница
Тираж: 1050 экз.