Жаңалықтар
Цифровой мир: Казахстан лидер по экспорту IT-решений в Центральной Азии
Газета Маяк
Референдум күнінде коронавирустың таралуының алдын алу алгоритмі бекітілді
Республикалық референдум өтетін күнде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу алгоритмі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, референдумды өткізу кезінде: 1) адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ете отырып, референдумға қатысушылардың легін реттеуді; 2) үй-жайларда желдеткіш/ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін; 3) ауаны жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайларды жүйелі желдетуді; 4) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды желдетуді; 5) дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай үй-жайларды жуу құралдарын қолдана отырып тазалау, ылғалды жинау, дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету қажет. Аталған қаулының орындалуын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, аумақтық референдум комиссиялары қамтамасыз етуі тиіс. Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда өтетін республикалық референдум комиссияларының қызметі туралы қаулы қабылдады. Үгіттеу жұмыстары референдум тағайындалған сәтте басталып, дауыс берудің аяқталуына бір күн қалғанда, яғни 2022 жылы 4 маусымда сағат 00-00-де аяқталады. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің, республика бойынша жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ұсынған мәліметтер мен есептерге сәйкес, дауыс берушілердің тізіміне 11 722 536 адам енгізілді. Автор:
https://www.inform.kz/kz/referendum-kuninde-koronavirustyn-taraluynyn-aldyn-alu-algoritmi-bekitildi_a3939055
Референдум жаңа саяси мәдениетті дамыту тұрғысынан маңызды қадам болды - сарапшы
Саяси өзгерістер барлық деңгейде азаматтардың шешім қабылдауға әзір екенін көрсетті. Бұл туралы әлеуметтану ғылымының докторы, профессор Зарема Шаукенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, қоғамның талаптары президенттік саяси реформаларлың төрт пакетінде ескеріліп, іске асырылды. Осы тұрғыда маңызды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкін болды. Бұл өз кезегінде қоғамда өзара жауапкершілік пен сенімнің жаңа саяси мәдениетін құрудың бастауы болды. Саяси өзгерістер барлық деңгейде азаматтардың шешім қабылдауға әзір екенін көрсетті. Осы орайда суперпрезиденттік басқару түрінен түбегейлі бас тартып, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттігін күшейтуге екпін қойылып отыр. Мемлекет басшысы аталған стратегиялық қадамды нақты іске асыру үшін Президент өкілеттігіне қатысты бастамаларды ұсынды. Сонымен қатар, биліктің өкілді тармақтарын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партия жүйесін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейту, дауыс беру процесін жаңғырту, құқық қорғау институттарын күшейту, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру мен азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту, бірінші кезектегі дағдарысқа қарсы іс-шараларды қамту ескерілді. Бұл бастамаларды іске асыру бағытында Конституцияның 30-дан астам бабына түзетулер енгізу керек болды. Бұл ретте осы өзгерістердің ауқымдылығын айтуға болады. «Қазіргі кезде ұсынылған түзетулер қоғамда кеңінен талқыланған болатын. Осы тұрғыда Президенттің ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасына референдум өткізу туралы шешімі ерекше маңызды деп ойлаймын. Бұл өз кезегінде жаңа саяси мәдениетті дамыту тұрғысынан шешуші қадам. Осы орайда бүкіл саяси жүйені қайта жаңғырту, оның құқықтық негізін құру дегенді білдіреді», - деді З. Шаукенова.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады.
https://www.inform.kz/kz/referendum-zhana-sayasi-madenietti-damytu-turgysynan-manyzdy-kadam-boldy-sarapshy_a3939065
Референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді - сарапшы
Референдум азаматтық қоғам мен заң шығарушы органдардың дамуына ықпал етеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Референдум маңызды оқиға екенін ескерсек, бұл ретте еліміздің саяси мәдениетінің дамуының белгісі деп айтуға болады. Бізде заңнама бойынша референдумға ерікті түрде қатысу ескерілген. Сондықтан ел халқын референдумға шақырып, жұмылдыру өте маңызды деп білемін», - деді Е. Тоқтаров Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, қазіргі реформалар Президент бастамаларының жалғасы болып отыр. Бұл тұрғыда осы реформалар кешенді бағдарламаға айналып, Конституция деңгейінде дамып келеді. «Жаңа Қазақстан құру жолында саяси жүйеде, оның құқықтық негізінде өзгерістер керек. Біріншіден, азаматтық қоғамның және заң шығарушы органдардың дамуы жағынан қарасақ, түрлі көзқарастардың белсенділігін әрі бәсекелестігін дамытады», - деді сарапшы.
Сонымен қатар ол референдум мен сайлаудың айырмашылығы бар екенін айта келе: «егер сайлауда нақты бір саяси партияға немесе кандидатқа дауыс берсек, ал референдумда маңызды шешімге қатысты ұстанымды білдіреміз. Осы орайда біз осы іс-шараға қатысуға міндеттіміз деп санаймын. Өйткені еліміз үшін және саяси жүйенің дамуына елеулі әсер ететін шешім болады. Тіркелген тұрғылықты жер бойынша сайлау учаскелеріне бару керек», - деді ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 10 013 референдум учаскесі іске қосылады. Орталық референдум комиссиясы бюллетеньдерді дайындауға қатысты қаулы қабылдады.
https://www.inform.kz/kz/referendum-azamattyk-kogam-men-zan-shygarushy-organdardyn-damuyna-ykpal-etedi-sarapshy_a3939024
Жастар ұйымының басшысы референдумға қатысудың маңызын айтты
Қазақстан студенттері альянсының президенті, ҚР Сенат жанындағы жастар мәселелері жөніндегі кеңес мүшесі Ілияс Түстікбаев 5 маусымдағы республикалық референдумға жастардың белсенді қатысуы не үшін маңызды екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің даусым ештеңе шешпейді», «Мен барғанмен ештеңе өзгермейді» деген болмайды. Осы жолы әсіресе жастар белсенділік танытуымыз керек. Алдағы айлауларда, алдағы өзгерістерде де азаматтық борышымызды өтеуіміз керек. Қателеспесем, Швейцария әр мәселеге референдум өткізе береді екен. Олар үшін референдум – қалыпты, жалпыхалықтық сайлау. Мысалы, қоғамдық орында темекі шегу мәселесі бойынша пікір екіге жарылса, референдумға шығара салады. Сол референдумдағы халықтың даусы арқылы мәселеге нүкте қойып отырады. Кез келген мәселе реформа арқылы шешіледі. Біз де соған келуіміз керек», - деді ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен дөңгелек үстелде. Сондай-ақ бұдан кейінгі референдумдарға осы жолғыдай күрделі пакет ұсынылмауы мүмкін деген пайымын айтты. «Бізде бұл жолғы референдум бастапқысы болғаннан кейін осылай көп айтылып, талқыланып жатуы заңды. 1977 жылдан кейін туған азаматтардың бәрі өмірінде бірінші рет референдумда дауыс бергелі тұр. Кез келген мәселені халықпен санасу арқылы, халықтың ой-пікірін білу арқылы шешсек, дұрыс болады. Бұл – соның бастамасы деп есептеймін», - деді Қазақстан студенттері альянсының президенті. Айта кетейік, референдумға баратын қазақстандықтарға мына мәліметтерді білгені абзал. Автор:
https://www.inform.kz/kz/zhastar-uyymynyn-basshysy-referendumga-katysudyn-manyzyn-aytty_a3939386
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. VII бөлім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі қолданыстағы Ата заңымыздың VII бөлімінің тақырыбынан бастап өзгеріс енгізілді.
Мысалы қазіргі қолданыстағы Конституцияның аталған бөлімі «VII бөлім. Соттар және Сот төрелiгi» деп аталса, жаңа редакциядан кейін «VII бөлім. Соттар және сот төрелiгi. Прокуратура. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» деп өзгертілді.
9 баптан тұратын бұл бөлімдегі 78, 82 және 83-баптар өзгерді. Әрине, 78-бапта аса қатты өзгеріс жоқ. Тек бап мәтініндегі «Кеңес» сөзі «Сот» сөзіне алмастырылды.
Ал 82-баптың 4-тармағына жасалған өзгертудің нәтижесінде, бұған дейін Президент тағайындап келген Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы, бұдан былай Парламент Сенатының келісімімен ғана тағайындалатын болады. Яғни Президент Сенат депутаттарымен келісе оытрып тағайындай алады.
Сонымен қатар, осы баптың 5-тармағына енгізілген өзгеріс – Жоғарғы соттың құрылымын қалыптастыру да заңмен бекітілетін болды.
Жаңа редакциядағы VII бөлімдегі өзгеріске ұсынылған 83-бапта екі тармақ жаңа редакциямен берілді. Алғашқысы – 4-тармақ. Онда бұған дейін «прокуратураның құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленіп» келсе, бұдан былай «Конституциялық заңмен белгіленетіні» анық көрсетілген.
Аталған бапқа енгізілген екінші өзгеріс тікелей Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің міндеттері мен құқықтарына, құзыреті мен қызметіне байланысты. Анығы 83-бап 83-1-бабымен толықтырылды.
4 тармақтан тұратын бұл бапта еліміздегі Адам құқытары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Конституциялық деңгейге дейін көтерілгенін анық байқауға болады.
VII бөлімдегі баптарға енгізілген өзгерістерді толығырақ төменнен оқуға болады.
Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.
78-бап
Жаңа нұсқада: 78-баптағы «Кеңеске» деген сөз «Сотқа» деген сөзбен ауыстырылсын.
Ескі нұсқада: 78-бап
Соттардың Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиісті заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті.
82-бап
Жаңа нұсқада: 82-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын Республика Президенті Парламент Сенатының келісімімен бойынша тағайындайды.
5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі, құрамын қалыптастыру тәртібі және жұмысын ұйымдастыру заңда айқындалады.».
Ескі нұсқада: 82-баптың 4-5-тармақтары
4. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.
5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді.
Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.
83-бап
Жаңа нұсқада: 83-баптың 4-тармағындағы «заңмен» деген сөздер «конституциялық заңда» деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескі нұсқада: 83-баптың 4-тармағы
4. Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді.
Жаңа нұсқада: Мынадай мазмұндағы 83-1-баппен толықтырылсын:
«83-1-бап
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.
2. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
3. Қылмыс орнында ұстап алынған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді өз өкілеттігінің мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
4. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы және қызметін ұйымдастыру конституциялық заңда айқындалады.».
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап, 6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап, 47-бап, 50-бап, 51-бап, 52-бап, 53-бап, 54-бап, 55-бап, 56-бап, 57-бап, 58-бап, 61-бап, 62-бап, 71-бап, 72-бап, 73-бап, 74-бап.
#Жоғарғы сот #конституциялық заң #конституция #Ата заң #адам құқықтары жөніндегі уәкіл #Конституциялық реформа #Конституция-2022 #78-бап #82-бап #83-бап
https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-vii-bolim_279595/
Референдумға шығарылатын ұсыныстар косметикалық өзгеріс емес – Мәулен Әшімбаев
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент телерадиокешеніне 5 маусым күні өтетін реформаның мәні мен мазмұны туралы қысқа сұхбат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазақстан азаматтары Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістерді қолдап жатса, еліміздің дамуында жаңа бір кезең басталады деп айтуға толық негіз бар. Өйткені бұл өзгерістер – косметикалық өзгерістер емес», - деді Мәулен Әшімбаев сұхбат барысында.
Оның пайымынша, референдумға шығарылып отырған ұсыныстарды төрт топқа бөліп қарау орынды. «Біріншіден, бұл енді адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталатын өзгерістер. Біздің саясатымыздың, мемлекетіміздің саясатының негізгі мақсаты – халықтың жағдайын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету. Екінші бағыт – Парламент жұмысының тиімділігін арттыру және саяси жүйеміздегі Парламенттің рөлін күшейтуге бағытталған өзгерістер. Оның ішінде екі палатаның арасындағы қарым-қатынастарға байланысты, оларды жетілдіруге арналған нормалар бар. Олардың негізгі мақсаты – заң шығару процесін әрі қарай жақсарту, тиімділігін арттыру. Заң жобаларын тезірек қарау, тезірек қабылдау, жан-жақты пысықтау. Осыған арнаулы нормалар ұсынылып отыр», - деген Сенат спикері үшінші бағыт тұтастай жергілікті әкімдіктердің жұмысын жетілдіруге арналып отырғанына назар аударды. «Халықтың әл-ауқаты, жағдайы жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің, мәслихаттардың тиімді жұмыс істеуіне тікеле байланысты. Соның аясында облыс әкімдерін тағайындау процесі өзгеріп жатқанын білесіздер. Презиенттің ұсынысы бойынша, Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданса, облытар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері мәслихат депутаттары сайлаған кезде Президент міндетті түрде екі адамның кандидатурасын ұсынады. Мұны енді тура сайлау деп айтуға болмайтын шығар. Бірақ сайлау процестерінің элементтері енгізіліп, жаңаша тағайындау механизмі ұсынылып отыр. Сондықтан бұл механизмнің негізгі мағынасы – халықтың пікірін ескеру», - деді Сенат төрағасы. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» - 12:45-те, «Qazaqstan» - 16:05-те, «Qazaq TV» - 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр.
https://www.inform.kz/kz/referendumga-shygarylatyn-usynystar-kosmetikalyk-ozgeris-emes-maulen-ashimbaev_a3938722
«Референдумда қазақ және орыстілді халық саны есептеледі» - ақпарат фейк
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде референдумда қазақ тілінде жазылған бюллетеньді толтыруға шақыратын ақпарат тарады. Бюллетеньдерге қарап, елдің қазақтілді және орыстілді халқының пайызы есептеледі-мыс. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп Facebook-тегі парақшасында аталған ақпаратты жоққа шығарды. «Әлеуметтік желіде референдумға берілген жауапты екі тілде санайды екен деген ақпарат желдей есіп жүр. Бұл түбірімен дұрыс емес! Азаматтар өз құқығын білуі тиіс. Референдум туралы Заңға сәйкес парақша екі тілде толтырылады. Сондықтан жалған хабарламаға ермеуді сұраймыз! Орайы келіп тұрғанда, барлық Қазақстан азаматын 5 маусым күнгі референдумға бір кісідей қатысып, алдағы үлкен өзгерістер үшін дауыс беруге шақырамын!»,– деп жазды Нұртөре Жүсіп. ҚР Орталық сайлау комиссиясы референдум барысында бюллетеньдерді қалай толтыру керектігін түсіндірген болатын. Бюллетень екі тілде бірдей жазылған. Онда Конституцияға ұсынылған түзетулермен келісуге немесе келіспеуге қатысты жалғыз ғана сұрақ бар. Жауап екеу: «иә» немесе «жоқ». Республикалық референдумға шығарылатын мәселелер тізімі.
https://www.inform.kz/kz/referendumda-kazak-zhane-orystildi-halyk-sany-esepteledi-akparat-feyk_a3938839
Референдумға 272 шетелдік байқаушы қатысады
Орталық референдум комиссиясы халықаралық байқаушыларды аккредиттеу туралы үшінші қаулыны қабылдады.
2022 жылғы 30 мамырда Қазақстан Орталық референдум комиссиясы "2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады, - деп жазылған Орталық сайлау комиссиясы таратқан хабарламада.
Сыртқы істер министрлігі аккредиттеуге 8 халықаралық ұйым мен 11 шет мемлекеттен 153 байқаушыны ұсынды.
Сағат 18:00-де Орталық референдум комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеуді аяқтады. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға 25 шет мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан 272 байқаушы қатысады. Халықаралық байқаушылардың қатысуы науқанның ашықтығы мен жариялылығына, мемлекетіміздің халықаралық міндеттемелерді сақтауына ықпал ететінін атап өткім келеді. Бұл – халықаралық міндеттемелерге адалдығымыздың, сондай-ақ сайлау саласындағы халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруымыздың дәлелі, – деді Н.Әбдіров.
https://baq.kz/referendumga-272-sheteldik-bayqaushy-qatysady_279522/
Президент реформалары елдің басқару моделін түбегейлі өзгертеді – Ерлан Қошанов
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындарме кездесу барысында Ерлан Қошанов еліміздегі елеулі оқиға қарсаңында Маңғыстау өңіріне арнайы келгенін айтып, алдағы референдумның мән-маңызына ерекше тоқталды. Мәжіліс төрағасы маңғыстаулықтардың Президенттің саясаты мен жаңа бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп жүргеніне назар аударды. Ел алдында тұрған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін халқымызға ауызбірлік керек. Ендігі кезекте Президентіміздің жанына топтасып, ел өміріне оң өзгеріс әкелетін реформаларды жүзеге асыруға атсалысуға тиіспіз. Осы орайда маңғыстаулық азаматтарымыздың Мемлекет басшысына тірек болатынына сенімдіміз, – деді Ерлан Қошанов. Мәжіліс төрағасы Президент реформаларының басым бағыттарын түсіндіріп, жаңа нормалар жайлы кеңірек айтып берді. – Партияларды тіркеу талаптарының төмендеуі – жаңа саяси бірлестіктердің пайда болуына жол ашады. Мұның бәрі елдің саяси өмірін жандандыратыны сөзсіз. Парламенттегі талқылау да қыза түсері анық. Мемлекет басшысының пікірталас көшеде емес, Мәжіліс пен мәслихатта болуы керек деген сөзі іс жүзіне асуда. Енді өз күшіне сенген адамның мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы депутат болуына мүмкіндігі бар. Маңғыстауда ондай азаматтар жеткілікті деп ойлаймын, – деді Палата Спикері.
Сонымен қатар Ерлан Қошанов Конституциялық соттың құрылып, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебе берілуі әділдік іздеген азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті. Сондай-ақ Палата төрағасы Конституциядағы жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген нормаға қатысты өз ойын білдірді. – Бұл өзгертуді Мемлекет басшысы өзі ұсынды. Оның құқықтық мәнінен гөрі, идеологиялық, саяси және моральдық салмағы өте зор. Өйткені, байтақ жеріміздің бір ғана иесі болуы мүмкін. Ол – халық. Осы өзгертумен біз бұл қағиданы тағы да бір шегелеп отырмыз. Бұл норма әр адамның өз туған жеріне деген жауапкершілігін арттыра түседі. Бір ғана мысал, Бозжыра шатқалындағы оқиға бәріміздің есімізде. Сол жолы сіздер өз өлкелеріңізге немқұрайлы қарамайтындықтарыңызды көрсеттіңіздер. Бұл – туған жерге деген қамқорлықтың жарқын көрінісі. Алматыдағы Көкжайлау мәселесі де естеріңізде болар. Президент осындай маңызды мәселелер бойынша әрдайым халықтың пікіріне құлақ асып, әрдайым әділ шешім қабылдап отыр, – деді Мәжіліс Спикері.
Ерлан Қошанов конституциялық реформа меритократия мен әділдікті орнату үшін қажет екенін атап өтті. – Азаматтар елдің өміріне араласып, қызметтік және әлеуметтік өрлеуге тең мүмкіндік алуы керек. Саяси өзгерістер еліне адал, қолынан іс келетін, ақыл-ойы ұшқыр әрбір азаматтың жолын ашу үшін қолға алынды. Сондай-ақ бұл түзетулер монополия мен олигополияны жойып, бизнеспен еркін айналысуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, Президент реформалары елдің басқару моделін түбегейлі өзгертеді, – деді Палата төрағасы. Кездесуде Палата Спикері Маңғыстау өңіріндегі бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Олар – ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмыссыздық, жем-шөп тапшылығы және тағы басқа әлеуметтік жайттар. Ерлан Қошановтың айтуынша, облыстың ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуы Президентіміздің ерекше назарында. Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр өңір дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданған. – Бір ғана кешенді жоспардың аясында аймақта біраз ірі мәселе шешімін тапқалы отыр. Ендігі негізгі міндет – оны толық іске асыру. Бұл Мәжіліс депутаттарының, «AMANAT» партиясының бақылауында болады. Қажет болған жағдайда Парламенттік тыңдау өткіземіз, – деді «AMANAT» партиясының Төрағасы. Ерлан Қошанов партияның жаңа жағдайда жұмыс істеуге дайын екенін айтып, оның қатарына мемлекетшіл азаматтар келуі керектігіне ерекше мән берді.
Сөз соңында Ерлан Қошанов облыс жұртшылығына республикалық референдумға белсенді атсалысуға шақырды. Сонымен қатар Палата Спикері жұмыс сапары барысында «AMANAT» партиясының облыстық филиалының жұмысымен танысып, Аналар кеңесінің мүшелерімен кездесті. Онда көп балалы аналар мәселесін талқылап, оларды толғандырып отырған ең өзекті сұрақтарға жауап берді. Сапар барысында Мәжіліс Төрағасы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетін аралап, оқытушылармен және студенттермен әңгімелесті. Алдағы саяси науқанға үн қосып, еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай қызмет етуге шақырды. Сонымен бірге Ерлан Қошанов «Қошқар ата» қалдық қоймасына барып, өңір экологиясын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар соңында «Total» компаниясына барып, мұнай кен орындарындағы жұмыскерлермен сөйлесіп, референдумның мән-маңызын талқылады. Өз кезегінде Маңғыстау мұнайшылары Президенттің саяси реформаларын қолдайтындықтарын жеткізіп, референдумға қатысатындықтарын айтты.
https://www.inform.kz/kz/prezident-reformalary-eldin-baskaru-modelin-tubegeyli-ozgertedi-erlan-koshanov_a3938707
Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінде үгіт материалдарының болмауы тиістігін ескертті
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау учаскелерінде үгіт материалдарының болмауы тиістігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ешқандай үгіт-насихат болмауы тиістігін бірнеше рет айттым. Мұқият болыңыздар. Біз тікелей де, жанама да үгіт-насихатқа қатыспаймыз. Біздің міндетіміз - алдағы рефрендумға қатысуға құқығы бар азаматтарға оның өтетіндігі туралы ақпаратты жеткізу. Оларға құқықтарын түсіндіріп, іс-шараның мәнін жеткізуге тиіспіз. Бізде, сайлау учаскелерінде еш жерде үгіт-насихат материалдары болмауы тиіс», деді Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында. Айта кетейік, бүгін Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумға халықаралық байқаушылар ретінде қатысу үшін Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 272 өкілін аккредиттеген болатын.
https://www.inform.kz/kz/nurlan-abdirov-saylau-uchaskelerinde-ugit-materialdarynyn-bolmauy-tiistigin-eskertti_a3938788
3 бет. Барлығы: 6
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- 4
- 5
- 6
- Алға
- Аяқ жағына
Языки издания: казахский, русский
Распространение газеты: подписка+розница
Дни выхода: пятница
Тираж: 1050 экз.