23/12/2024  Дүйсенбі
$523.86 ₽5.11 €544.34

Жаңалықтар

Цифровой мир: Казахстан лидер по экспорту IT-решений в Центральной Азии

Газета Маяк

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев конституциялық реформалар Сенаттың жұмысын қалай жандандыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз конституциялық өзгерістерден кейін палатаның жұмысын әрі қарай жаңғырту мәселесімен де айналысамыз. Мысалы, заңдарды қарау уақытын қысқарту керек. Кейбір заңдарды жылдам қарау керек. Кейбір керек жоқ сатыларды азайтамыз. Мұның бәрі алдағы жұмыстар. Ол жұмыстардың нақты нәтижесі заңдарды қарау уақыты қысқарғанымен, сапасына көп көңіл бөлінеді. Бұл да осы реформалардың нақты нәтижесінің бірі деп қарау керек», - деді Мәулен Әшімбаев ҚР Президент тетерадиокешеніне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған конституциялық реформада Сенатқа бірнеше жаңа құзырет берілмекші. «Конституциялық Соттың төрағасын Президенттің тағайындауына келісім беру құзыреті бар. Сондай-ақ, Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасын тағайындауға да Президентке келісім беру Сенатқа жүктеледі. Бұлар – Сенаттың осы бағыттағы құзыретін арттыратын шешімдер. Жалпы осы реформаның аясында Сенаттың рөлі де артады, жаңа құзыреттер беріліп, әрі қарай Сенат өңірлердің мүддесін жүргізетін негізгі институт болады деп ауыз толтырып айта аламыз», - деді Сенат спикері. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» - 12:45-те, «Qazaqstan» - 16:05-те, «Qazaq TV» - 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр


https://www.inform.kz/kz/zandardyn-senatta-karalu-uakytyn-kyskartyp-onirlerdin-muddesine-negizgi-basymdyk-beremiz-maulen-ashimbaev_a3938750

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ағымдағы жылғы 24-29 мамыр аралығында алдағы референдум мәселелері бойынша кезекті онлайн-сауалнама өткізді.

Зерттеулер Мемлекет басшысының бастамаларын қолдаудың және бүкілхалықтық дауыс беру күні жақындаған сайын референдумның ел өміріндегі маңыздылығын түсінудің артқанын көрсетті.

Мәселен, әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 83,92%-ы Мемлекет басшысының Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын қолдайды. Бұл биыл мамыр айының ортасында ОКҚ жүргізген алдыңғы зерттеу көрсеткіштерінен 12%-ға артық.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 86,86%-ы дауыс беру ағымдағы жылдың 5 маусымында өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8%-ға артқан.

Қазақстандықтардың 76,51%-ы дауыс беруге қатысуға ниетті.

Сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 79,10%-ы ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды. Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі одан да жоғары – 80,04%-ы Президент Қ.К. Тоқаевтың реформаларын жақтайды.

Әлеуметтік сауалнама еліміздің 17 өңірін қамти отырып, 18 жастағы және одан асқан 1200 қазақстандықтың арасында жүргізілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын референдум өткізу туралы идеяны қолдаудың жоғары деңгейі ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі жүргізген сауалнама нәтижелерімен расталған болатын - 73% (3-5 мамыр); 72,01% (17-19 мамыр).

https://ortcom.kz/kk/novosti/1653904492

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова референдум күнінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қандай іс-шараларды сақтау қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тәулігіне 10 жағдайға дейін тіркелуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, 3 наурыздан бастап республика және барлық өңірлер жасыл аймақта. Елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, барлық карантиндік шектеулер алынды», - деді вице-министр Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында. Сонымен қатар ол референдум өткізу кезінде қандай алдын алу іс-шараларын қамтамасыз ету қажеттігіне тоқталды. «Оның ішінде: адамдардың көп жиналуына жол бермей, әлеуметтік қашықтықты сақтап, референдумға қатысушылардың тобын реттеу; бөлмелерде желдеткіш немесе ауа баптау жүйелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; ауаны жасанды желдету жүйесі болмағанда бөлмелерді жүйелі желдету; дауыс беру алдында және күні бойы қажеттілігіне қарай бөлмелерді желдету және дезинфекция жүргізу. Көрсетілген іс-шараларды іске асыру елдегі тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтауға мүмкіндік береді. Аталған алдын алу іс-шаралары Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің бүгін осы отырыста келісуге шығарылатын қаулысының жобасында жазылған», - деді Айжан Есмағамбетова. Отырыс барысында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің арнаулы қаулысы бірауыздан қабылданды.


https://www.inform.kz/kz/ayzhan-esmagambetova-referendum-kunindegi-kauipsizdik-is-sharalaryn-atady_a3938745

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев ҚР Президент телерадио кешеніне берген сұхбатында 5 маусымда өтетін референдумға шығарылған Конституциялық Сот туралы нормалардың маңызына тоқталды. Сенаттың жұмысын қалай жандандыратынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Конституциялық реформаның аясында мемлекет пен қоғамның арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі ашылып жатыр деп айтсақ артық болмайды. Мысалы, нақты нормаларды айтайық. Бүгінде азаматтар мемлекеттік органдардың бұйрықтарына немесе заң нормаларына, мемлекеттің нақты бір шешімдеріне наразы болса, ол нормалар мүддемізге қайшы келеді деген пікір туындап жатса, жалпы өтініштер сияқты сотқа беру керек. Яғни, процедурасы ұзақ. Қазір осы реформалардың аясында Конституциялық Сот құрылып жатыр», - деді Сенат төрағасы. Сенат спикерінің айтуынша, жалпы ұсынылып отырған конституциялық реформа халық пен билік арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматына жол ашпақ. «Конституциялық Соттың негізгі функциясы азаматтардың билік өкілдерінің шешімдеріне наразылығына сот ретінде бағасын беру, шешім қабылдау. Осындай басқа да көптеген нормалар бар», - деді Мәулен Әшімбаев. Айта кетейік, бүгін «Евразия» арнасында сағат 10:00-де, «Хабар» - 12:45-те, «Qazaqstan» - 16:05-те, «Qazaq TV» - 20:15-те, «Алматы»- 20:35-те референдум туралы деректі фильм көрсетіліп жатыр.


https://www.inform.kz/kz/azamattar-kez-kelgen-normaga-karsy-bolsa-konstituciyalyk-sotka-zhuginetin-bolady-senat-toragasy_a3938730

74-бап бұған дейін Конституциялық кеңестің қаулысымен екі рет өзгертіліп, бір рет түсіндірме берілген болатын. 

Конституциялық Кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайтын болады – деп жазды Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің «Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша бағыт-бағдар» атты мақаласында.

5 маусым күнгі бүкілхалықтық референдум негізінде үшінші рет өзгеріске түсіп тұрған бұл бап – еліміздің Конституциялық сотының міндеттері мен құқығын, құзыреті мен тәртібін белгілейді.

Осы жолғы өзгертуде 74-баптың екінші тармағы айтарлықтай айқындалғанын көруге болады. Мысалы бұған дейін Конституциялық заңға жатпайтын, адам құқықтары мен бостандығына зиян келтіретін заңдарды жою мерзімі көрсетілмеген болатын. Референдумға ұсынылған Ата заң жобасында бұл мәселе анық көрсетілген. Яғни, бұдан былай адамның құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдарды жою туралы Конституциялық сот шешім шығарған күннен бастап ол заң қолданыстан алынып тасталады.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

74-бап

Жаңа нұсқада: 74-бапта:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Конституциялық сот шешім қабылдаған күннен немесе ол белгілеген күннен бастап конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің, олардың жекелеген ережелерінің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.»;

Ескі нұсқада: 74-баптың 2-тармағы

2. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.

Жаңа нұсқада: 74-бапта:

2) 3-тармақтағы «Кеңестің» деген сөз «Соттың» деген сөзбен ауыстырылсын.

Ескі нұсқада: 74-баптың 3-тармағы

3. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

Ескерту. 74-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.12.13 N 19/2 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап55-бап56-бап57-бап58-бап61-бап62-бап71-бап72-бап73-бап.

https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-74-bap_279512/

Елордада Астана IT университетінің базасында конституциялық реформаларды нақтылауға арналған «Референдум-2022: Қазақстан Республикасының саяси жүйесін қайта құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Астана IT универ­си­тетінің оқытушылары, қыз­мет­керлері, сондай-ақ студенттері қатысты. Офлайн форматта ұйым­­дастырылған жиынға Сенат депутат­тары Владимир Вол­ков, Қанат­бек Сафинов, Андрей­ Лукин қатысты. Депу­тат­тар Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толық­ты­рулардың мән-мағы­на­сын түсін­дір­ді.

Мәселен, жаңа Конституцияда Президент жақындарын басшылық қызметтерге тағайындауға шек­теу қою ұсынылған. Яғни су­пер­пре­зиденттік басқарудан мық­ты Парламенті бар пре­зидент­тік жүйеге көшуге нақты қадам жасалып отыр. Сондай-ақ Мәжіліс немесе мәслихат депутаты сайлауына партияға мүше болмай-ақ үміткер ретінде қатыса алады.

Сонымен қатар тарих ғылым­да­рының докторлары, Astana IT университеті Қоғамдық ғылым­дар кафедрасының профессорлары Нұрбек Шаяхметов пен Сәуле Мамытова республикалық референдумның тарихи маңы­зы мен мәніне тоқталды. Универ­си­тет­тің студент жастары атынан Астана ІТ университетінің 1-курс студенті Батырхан Бейсембеков сөз сөйледі.

Жиын соңы сұрақ-жауап фор­матында өрбіді. Сенаторлар сту­дент­терге Парламент ғи­маратында тағылымдамадан өту­ді ұсынды. Баяндамашыларды ұйып тыңдаған жастар сұрақтарын жау­дырды. Әсіресе Қазақстанға суперпрезиденттік басқаруға көшудің маңызын, Мемлекет басшысы қандай өкілеттігінен бас тартудың мән-мағынасын сұрады.

«Студенттер өмірде өте бел­сен­ді позиция ұстанады. Өте өткір сұрақтар қояды. Оларды ыңғайсыз деп айтпас едім, сауалдары шынайы, ашық. Осы сұрақтардан аудиторияның пікір­таласқа белсенді қатысқанын, жас­тардың жанып тұрған көзін көр­дім. Олардың референдумға келіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін», деді А.Лукин.

https://egemen.kz/article/313499-sayasi-dguyeni-quru-dgoldary-talqylandy

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысында айтты.

Алматыны қазақ зиялыларының қарашаңырағы десек, артық бола қоймас. Әлі күнге дейін ғылым, әдебиет, мәдениет, руханият саласындағы тұлғалардың көбі осы қалада шоғырланған. Сондықтан Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысын Алматыда өткіздік. Зиялы қауымның қашанда елдің сөзін сөйлеп, ұлттың жоғын түгендеп жүретіні белгілі. Бұл жолы да елдік мәселе, төл құндылық, әдебиет, өнер және тағы басқа маңызды салалар бойынша ашық әңгіме болды. Әсіресе, мемлекеттік тіл, ұлттық идеология, жастар тәрбиесіне қатысты орынды мәселелер көтеріліп, ұтымды ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта оның бәрін өз жұмысымызда ескереміз, - деп жазды Сенат төрағасы. 

Кездесуде Ұлықбек Есдәулет, Жүрсін Ерман, Болат Әбділманов, Кенжехан Матыжанов, Сәкен Майғазиев, Ринат Зайытов және тағы басқа азаматтар тарихи сананы жаңғыртатын және ұлттық болмысты ұлықтайтын басым бағыттарға назар аударды. 

Отырысқа қатысқандар елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардан да қалыс қалмай, Президентіміздің бастамалары жөнінде өз пікірлерін білдірді. Олар конституциялық өзгерістер елдік пен егемендікті нығайтудың аса маңызды тетігі екенін айтты. Шын мәнінде, ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, заң үстемдігін орнатуды, адам құқығын қорғауды, азаматтардың бәріне бірдей тең мүмкіндік жасауды көздейтіні белгілі. Бұл бүгінгі реформалардың өзегі десек те, қателеспейміз. Жаңа нормалар Парламенттің рөлін және оның халық алдындағы жауапкершілігін арттыруды да мақсат тұтады. Сондай-ақ осы өзгерістер арқылы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың дербестігі арта түспек. Саяси бәсекелестікті күшейтуге және билік монополиясын жоюға арналған бірқатар маңызды түзету де ұсынылғаны мәлім, - деді ол.

Әшімбаев бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті екенін айтты.

Мұндай кешенді түзетулер Қазақстанды демократиялық, құқықтық, әділетті, әлеуметтік мемлекет ретінде нығайтуға арналған. Бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті. Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді. Ос ретте еліміздің зиялы қауымы бұл бағыттағы бастамалардан тыс қалмай, ұлттық мүдде жолында әрдайым белсенділік танытатынына ешқандай күмән жоқ, - деді Әшімбаев. 

https://baq.kz/index.php/sayasi-zhuyemizdi-reformalau-aldagy-uaqytta-da-kezen-kezenimen-zhalgasa-beredi-ashimbaev_279408/

Жиынды референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев жүргізіп отырады.

Шараға референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысынан мәслихат хатшылары мен облыстық ардагерлер кеңесі, референдумды қолдау жөніндегі облыстық штаб төрағалары қатысты. 

Сонымен қатар, қалалық, аудандық ардагерлер кеңесі және референдумды қолдау жөніндегі қалалық, аудандық штаб төрағалары, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері шақырылды.  

«Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов сөз алып, еліміздің әрбір тұрғынының дауысы екінші республиканың қандай идеялар мен құндылықтарға құрылатынына, қандай басымдықтарға ие болатынына, жаңа Қазақстанда қарапайым адамның  қаншалықты жайлы өмір сүретінін шешуі мүмкіндігі айтып, еліміз үшін маңызды мәселелерді ортақ шешуге шақырды. 

Атырау облысы бойынша референдумды қоғамдық қолдау штабының төрайымы Гүлзада Шакуликова облыс тұрғындарына Ата заңымызға енгізілетін жаңа өзгерістер бойынша жүргізілген ақпараттық-насихаттық жұмыстарына тоқталды.

Атырау облысында референдумды қолдау мақсатында құрылған қоғамдық штаб белсенді түрде халыққа конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіру жұмыстарын 6 мамырдан бастап жүргізіп келеді. Өңірлік штаб құрамында 25 адам тіркелген. Олар: облысқа белгілі қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері, саясаттанушылар, Үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер мен көпшілікке танымал блогерлер, - деді ол.

Референдумды қолдау жөнінде облыс бойынша 182 іс-шара қамтылған. Оның осы күнге дейін 130-ы өткізілді. Оның ішінде Атырау облысының 7ауданы (Жылыой, Индер, Исатай, Қызылқоға, Құрманғазы, Мақат, Махамбет) бойынша 50 кездесу өткізілді. Сондай-ақ облыстағы «Атырау-Жарық», «ИнтергазЦентральная Азия»,«Қазақтелеком» филиалы, «Атырау-Акпарат», «Ембімұнайгаз», Атырау Мұнай Өңдеу зауыты,«ҚайнарМұнайГаз» және т.б. компания ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Өңірдің белсенді жастарымен кездесулер Атырау политехникалық колледжі, APEC Petrotechnic, Атырау университеті және С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде қамтылды. Сонымен қатар, ардагерлер мен ақсақалдар кеңесі мүшелерімен, «Атырау облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының» кәсіпкер әйел азаматтарымен кездесу-жиындар өтті. Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойыншаFunTime атты жастар арасында дебат ұйымдастырылды, Штаб мүшелерінің қатысуымен CaspianNews, AtyrauTVтелеарналарында тікелей эфирлерде түсіндіру сұхбаттары жүргізілді.

Қазір интернет платформа, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы түрлі форматтағы үгіт-насихат жұмыстары, кездесулер ұйымдастырылуда. Жастар арасында «мен референдумға қатысамын» атты челлендж бастау алды. Әлеуметтік желілерде референдумды қолдау бойынша100-ге жуық пост-публикациялар жарияланды. Сондай-ақ халық көп шоғырланған қоғамдық көлік, сауда орындарда дыбыстық хабарландырулар таратылуда.  Референдумды қолдау мақсатында мәдени-көпшілік, спорттық шаралар өткізілуде. Жалпы халықтың референдумға деген көзқарасы оң бағытта, әлеуметтік желі беттерінде позитивті пікірлер мен жазбалар басым, - делінген хабарламада.

Кездесуде арнайы келген Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының референдумды қоғамдық қолдау штабтарының төрағалары Сұлтанбек Ташкенбай, Табылғали Сапаров сөз алып, халықтың референдумға келіп, өз таңдауларын жасауға жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтып өтті. 

Келесі сөз алған Махамбет аудандық мәслихат хатшысы Қайыржан Мәжиев, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бақытбек Таубаев бұл референдум азаматтардың мемлекеттік басқаруға неғұрлым кең қатысуын көздейтін, халықтың қолдауымен еліміздің жаңа саяси жүйеге көшуіне барынша ықпал етуге бағытталғандығын халықпен жүздесу барысында жеткізген. 

Аудандық референдумды қоғамдық қолдау штабының төраымы Шынаргүл Темірбаева Жылыой ауданы бойынша күні бүгінге дейін барлығы 2050 (700 жоспарда) адамға түсінік жұмыстары жүргізіліп, нақты 50-ге жуық ұсыныс-пікірлер жолданғандығын айтты. Аудандық қоғамдық-саяси  «KeńJYLOI» газетіне  кездесулердің өтуі мен халыққа түсіндірме мақалалары бойынша 4 ақпарат, әлеуметтік желілерге FACEBOOK, Instagram парақшаларына 13 депутат, 12 БПҰ, 30 ШТАБ, 88 топ посттар жариялаған. ҚР Парламент Мәжіліс  депутаттарымен бірге Ақкиізтоғай, ҚараАрна, Қосшағыл, Қаратон ауылдық елді мекен тұрғындарына Референдум маңыздылығы турасында ақпараттық түсіндіру шаралары өткізілген.  

Өңіраралық көшпелі кездесу соңы өзара пікір алмасуға ұласты.

https://baq.kz/index.php/referendumdy-qogamdyq-qoldau-respublikalyq-shtabynyn-oniraralyq-otyrysy-otti_279429/

Конституциялық реформа нені көздейді? Неліктен референдумға қатысу маңызды? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте сарапшылар осы сұрақтар төңірегінде ой-пікірлерін білдіріп, саяси кезеңнің маңыздылығын түсіндірді.

«Жаңа Қазақстан мен Екінші республика идеясын қоғам бірте-бірте түсініп келе жатыр», деп есептейді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, заң ғылым­да­рының докторы, профессор Еркін Оңғарбаев. «Ел азаматы ретінде осы үдерістер туралы өз түсінігімді білдіргім келеді. Ең бастысы, бұл саяси реформа әділетті қоғам идеясы екенін ескеруміз қажет. Бұл жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын», деді сарапшы. «Жаңа Қазақстан мен Екінші респуб­лика идеяларын қоғам бірте-бірте түсініп келеді. Неліктен? Себебі дамудың 30 жылында біз белгілі бір жетістікке жеттік, тәуелсіздігіміз нығай­ды, бірақ қоғам белгілі бір «індеттерден» тұратын әділет­сіз сәттерден кейін сұрақ­т­ар қоя бастады. Бұл непотизм, сыбайлас жемқорлық. Қоғам үшін бұл мәселелер өткір тұр. Президенттің байлығымыздың 50%-ын иемденген жүздеген адам туралы сөзі кездейсоқ емес. Әрине, бұл халықтың көпшілігінің наразылығын тудырады. Бұрын негізгі тезис «алдымен экономика, содан кейін саясат» болатын. Ел Президенті біздің қазақстандық қоғамда демократиялық негіз­дер­ді іске асыру үшін саяси реформалар, саяси жаңғырту жүр­гізу қажеттігін айтады. Оның сөздері іспен келіспейді. Ол партиядан шығып, біздің қоғамда жұмыс істейтін бар­лық партиялардың бәсекеге қабілетті болуы үшін партияға мүшелігін тоқтататынын айтты. Осыған байланысты саяси бәсекелестік нәтижесінде біздің қоғам осы тұрғыдан әділетті болады деп сенемін», деді ғалым.

Сондай-ақ ол прези­дент­тің жақын туыстары ква­зи­мем­лекеттік секторда саяси мем­лекеттік және басшылық лауазымдарды атқармауы туралы көзқарасын білдірді. «Бұл да барлық мемлекеттік қызметшілер мен халық үшін адамгершілік қағидаттарды әр адам өзінен бастауы тиіс екендігінің үл­гісі. Осы призма арқылы әділ қоғамның элементтері іске асырылатын болады», деді профессор.

Ал Президент жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина осы жылдың мамыр айында референдум туралы халықтың пікірін білу мақсатында са­уалнама жүргізгендерін айтып, нәтижесімен бөлісті. Сауалнама қорытындысы бойынша ха­лықтың 76,4 пайызы референдумды қол­дай­тынын білдір­се, 70 пайызы бұл саяси оқиғадан хабардар, яғни, саяси науқанның нені көздейтінін білетінін жеткізген. Ал 66,4%-ы маңызды іс-шараға қатысатынын айтқан. Брифингте Алуа Жолдыбалина өзге мемлекеттерден мысал келтірді. «Референдум – бұл алдымен халық пен билік ара­сындағы қарым-қатынас. Мысалы, Скандинавия елдері­нің билігі халықты идея көзі деп санайды. Олардың пікірлері арқылы мемлекетті басқаруда маңызды шешім қабылдайды. Сондықтан Президенттің бұл шешімі мен ұсынысы тәжі­ри­беден алынған, мұны «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет құрудың алғышарты деп білемін», деді ол.

«Бүгінде әлеуметтік желі­лерде халық Президенттің парақшасын белгілеп, көмек сұрайтын жағдайлар көп. Осы орайда, Мемлекет басшысы Парламент, Мәжіліс, әкімдердің атқаратын қызметі мен рөлін айқындап берді. Бұл да дұрыс шешім, Жаңа Қазақстанға бастар оң қадам», деді сарапшылар.

https://egemen.kz/article/313500-konstitutsiyalyq-reforma-neni-kozdeydi

Қазақ даласында рулық, тайпалық, хандық-мемлекеттік түсінік қалыптаса бастағаннан бері жалпыға ортақ белгілі бір тәртіпке деген сұраныстың туындағаны сөзсіз. Десе де бұл туралы құжатты деректер жоқтың қасы. Не болмаса бұл түсініктер тіпті де қағаз бетіне түспеген, не болмаса жаугершілік заманындағы соғыс салдарынан ізім-қайым жоғалған.

Осы күнге дейін бар екендігі нақты дәлелденіп, қандай да бір тарихи дәлелі бар болып саналатын ең көне заң – Шыңғыс ханның «Ұлы жасағы». Қазіргі таңда бұл заңның түпнұсқасы сақталмағаны туралы бірден айтуымыз керек. Бірақ бұл заңның таңбаға түсіп, нақтылы күшке ие болғаны туралы тарихи деректер жетіп артылады. Мысал ретінде Шыңғыс ханның: «Мемлекеттің меншігін жөнге салып, дау-дамайларды реттеп, ол туралы көк дәптерге жазып отыруы шарт, Шихихутугтің менімен келісіп шешіп, ақ қағазға көк сиямен түсірген хаттамаларын ұрпақтан ұр­паққа дейін ешкім бұзбайтын болсын», деген сөзі тарихта қал­ғанын айтуға болады.

Шыңғыс ханның ғұмырын зерттеуші ғалымдардың дерегіне сүйенсек, бұл шамамен 1210 жылдар болуы керек. Демек, бұл – Қазақ даласындағы алғашқы ресми заң. Қисаптың қисынына салсақ, қазіргі Ата Заңға дейінгі аралықта қазақ даласындағы заңдар эволюциясы шамамен 800 жылдам астам уақытты алады.

Осы сегіз ғасыр ішінде көк дәптердің келбеті құрылған мемлекет, өзгерген өркениет пен жаңа басқару жүйесіне ауысуы секілді тарихи факторларға орай бірнеше мәрте толықтырылып келді. Мәселен, «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», әз Тәуке хан тұсындағы «Жеті жарғы» заңдары болып таңбаланғанын шежіре беттері шатаспай парақтап береді.

Иә, әлбетте бұл біздің төл заңдарымыз. Мұндай бақытты қайта сезіну тек тәуелсіздік алған­нан кейін ғана бұйырды бізге. Егемен елдің ең басты құжаты, ең асыл кітабы Конституция сахнаға шыққан шақ еді ол кез. Бүгінгі тарқатылар тақырыптың төркіні де осы тақырыпқа келіп ат байлап отыр.

Президентіміз наурыз айын­дағы Жолдауында еліміздің сая­си жүйесіне ауыз толтырып айтарлық ауқымды өзгерістер жасайтынын мәлімдеген болатын. Тәуелсіздік тарихындағы ең күрделі сыннан аман өтіп, да­уылды еңсергендегі тыныштықтан соң бұл Жолдаудың жолы да, жөні де басқаша болатынына елі сеніммен қарап, үмітпен күткен еді. Алқалы жиында алаш жұрты арманы орындалардай ауқымды бастамалардың куәгері болды. Соның ең бастысы – Ата Заңымызға енетін өзгерістер туралы ұсыныс еді.

Мемлекет басшысы көп ұза­май бұл басты құжатқа енетін өзгерістер мен толықтырулар халықтың таңдауы болуы тиіс екенін атап өтіп, референдум өтетінін мәлімдеген болатын. Соған сәйкес елімізді демократияландыру бағытында үлкен қадамдар жасалу көзделіп отыр.

Референдум – мемлекетіміздің межелі уақыттан бері орын алып отырған ең елеулі саяси оқиғасы болғалы тұр. Қазіргі Ата За­ңы­мыз соңғы рет осыдан 27 жыл бұрын жалпыхалықтық референдумда қабылданған болатын. Ал басты заңға одан кейінгі жылдары енгізілген өзгерістер Парламент қабырғасында мақұл­да­нып, халықпен еш санаспай бе­кітіліп келді. Әлбетте, бұл үр­діс ел Президенті Қасым-Жо­март Тоқаев ұсынған «Ха­лық үніне құлақ асатын мем­лекет» тұ­жырымдамасына қара­ма-қай­шы құбылыс. Конс­титу­ция­лық өзгерістерді осынша уа­қыт­тан кейін халықпен кеңесіп қабылдауға деген талпыныс ең әуелі демократияға деген ұмты­лыс болса, кейінгісі алдағы жос­пар­ланған референдумның да ма­ңызын, салмағын өсіретін қадам болмақ.

Енді, біз алдағы жоспар­лан­­ған референдум барысында Кон­сти­туцияға енгізілетін өз­ге­ріс­тердің негізгі ерекшеліктері мен маңызды бастамаларына тоқ­та­лып өтсек.

Бірінші кезекте, әлбетте ең ма­ңыз­ды өзгеріс – мемлекеттік бас­­қа­ру жүйесіндегі мо­дель­­дің өз­гер­уі. Елі­міз­ «супер­пре­зиденттік» басқару үлгі­сінен мықты Парламенті бар президенттік республика формасына көшеді. Демек алда­ғы уақытта Парламенттің ықпа­лы, Үкіметтің есептілігі артатын бола­ды. Президент өзінің өкі­лет­тігі кезінде партиядан шы­ғады. Осылайша, ол барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін сақтай алады. Бұл үрдіс елдің саяси жүйесіне айтар­лық­тай жаңғыру әкеліп, партиялар арасындағы бәсекелестікті арттыратын болады.

Осы тұста аса мән беріп айта­тұғын бір дерек бар. Осы өзге­ріс­тер мен толықтырулардың кезінде Мемлекет басшысы өзі­нің өкілеттігін немесе билігін күшейту үшін бірде-бір өзгеріс жасауға ұсыныс білдірген жоқ. Керісінше, бас құжатқа таң­ба­ла­натын барлық дерлік өзгеріс биліктің басқару институттарын күшейтуге бағытталған.

Мысалы, Мемлекет басшысы бұдан былай облыс әкімдерінің өкім­дерін жоя алмайды. Аудан­дық, ауылдық әкімдерді қыз­ме­тінен ала алмайды. Бұл, түптеп келгенде, Президентіміз айт­қан­дай үйлесімді және теңгерімді жүйені нығайтуға бағытталған шешімдердің басы ғана.

Иә, жоспарланған өзгерістерді әр қазақстандық сезіне алады. Бұдан былай жергілікті атқарушы билік органдары мен жергілікті өкілді органдардың жұмысы үл­кен өзгеріске ұшырамақ. Бір сөзбен айтқанда, олардың дер­бес­тігі артады.

Ата Заңымызға енетін тағы бір айтарлықтай жаңалықтың бірі һәм бірегейі – жер мәселесіне қатысты. Иә, тамыры терең тарихымыздың қай кезеңінде болсын қазақ үшін жер мәселесі қашанда өткір тұрған-ды. Қазіргі уақытта да қоғам арасындағы беті ашық жара секілді ащы мәселе осы жер төңірегінде тұр­ға­ны дәлелді талап етпейтін ақи­қат. Президентіміз ұсынып отыр­ған мәселеге сәйкес осы жер мәселесі түбегейлі шешіліп, тұтастай халық меншігіне өтетін болды. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болады. Бұрын бұл мемлекеттік меншік еді.

Жалпы алғанда мемлекетті басқару ісіндегі ең маңызды құрал – сенім. Ал сенімді ұялататын ең үлкен күш – әділеттілік. Пре­зидент ұсынып отырған осы рефор­малардың түпкі негіздері «әділдік» деген асыл ұғымға сая­ды.

Бұл тұста конституциялық сот­тың құрылуы, сөз бостандығы мен журналистер қауымының жұмыстарына жаңа серпін беру, мемлекеттік қызметтегілерге ашық­тық ұстанымын ұстауды талап ету секілді ұсыныстар ха­лық пен қоғам тарапынан жылы қабылданып жатқанын бай­қауға болады. Себебі әділдік пен ашықтық болмаған жағдайда мемлекетке де, қарапайым адам болашағына деген де сенімнің болуы неғайбыл.

Мемлекет басшысы ұсынып отырған Конституциялық рефор­ма­ның басты мақсаты да осы қағидаларды іс жүзінде көрсету болып табылса керек.

Референдум – маңызды сая­си оқиға. Конституциялық реформаның мәнін халыққа түсіндіру жұмысы қызу жүруде. Осы жұмыстардың аясында Amanat партиясы штабының мүшесі ретінде өңірлерді аралап халықпен, еңбек адамдарымен көптеген жылы жүздесулер өткіздік. Біз барған Шымкент, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай халқы бұл саяси ре­фор­мадан жыл келгендей жа­ңа­лық пен өмірлерін өзгерте­тін жақсылық күтіп отыр. Өңір­лер­дегі азаматтарымыздың Мем­лекет басшысының саясатын қуат­тайтынын, қолдайтынын аңғар­дық. Елдің өзгерістерге деген ықыласы ерек. Енді осы қолдауымызды іс жүзінде көрсету маңызды деп білеміз. Сондықтан, азаматтарымызды 5 маусым күні өтетін жалпыреспубликалық референдумға белсенді қатысуға шақырамыз. Қай заң болсын не өзгерсе, не толықса тарихи кезеңнің бастауында тұра­ды. Шыңғыс ханның «Ұлы жаса­ғы­нан» бергі заңдар эволюциясы да осы көріністі растайды. Бұл – тарихтың жаңа беті. Сондықтан «Жаңа Қазақстан» түсінігі құр бос сөз бен ұран емес, «Екінші Республиканың» есігін ашатын ұлы сапардың кіріспе сөзі деп қабылдау шарт.

Берік УӘЛИ,

«Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы

https://egemen.kz/article/313486-ata-zanh-evolyutsiyasy

Языки издания: казахский, русский

Распространение газеты: подписка+розница

Дни выхода: пятница

Тираж: 1050  экз.