22/10/2024  Сейсенбі
$484.19 ₽5.03 €524.28

Жаңалықтар

Газета Маяк

Алдағы 5 маусымда елмізде ірі саяси өзгерістерге мұрындық болатын  жалпыхалықтық референдум өтетіні баршамызға белгілі. 

Маңызды таңдау қарсаңында облыстық референдумды қолдау штабының белді мүшесі заң ғылымдарының кандидаты Рашид Нұрмағамбетовтің пікірін білген едік.

Президент 1995 жылғы қолданыстағы Конституцияның нормаларына ұсынған түзетулер сөзсіз тарихи маңызы бар қадам. Осы өзгерістердің нәтижелері қазақстандықтардың саяси-құқықтық мүдделері қорғалатын болады. Бұл өз кезегінде әрбір еліміздің азаматы үшін маңызды мемлекеттік мәселелерді шешуде өзіндік пікірлерін нығайтып, атқарушы биліктің халықпен санасуына ықпал жасайтын қадамдар, - деді ол. 

Ата заңдағы жоспарланған түзетулер өзгеріс жолдарының призмасы арқылы мемлекеттік модельдің алдағы кешенді өзгеруін көруге болады. 

Онда тепе-теңдікті сақтау мен тепе-теңдіктің тиімді жүйесін құру маңызды рөл атқарады. Билік тармақтары тепе-теңдікті мемлекеттік дәрежеде Президенті қамтамасыз етеді. Ал, республикалық және өңірлік деңгейлерде биліктің өкілді органдарының рөлін нығайту, депутаттарды сайлаудың аралас мажоритарлық моделін енгізу әрбір азаматқа мемлекеттің, өңірінің, туған жерін дамытуға жеке үлесін қосуға мүмкіндік береді, - дейді жас ғалым Рашид Нұрмағамбетов.

Ата заңдағы өзгерістердің басым бағыттарының бірі Президенттік басқару жүйесінен алшақтап, Парламентке басымдық беру болып отыр.

Енді осы тұрғыда мажоритарлық модельге тоқталып кетсем. Бұл  бастама біз үшін жаңалық емес деп айтуға болады. Оны біз тәжірбиде бұрын қолданып келдік. Сондықтан ел арасында артық әңгіме туғызбай қоғам болып түсіністікпен қарауымыз керек. Тарихқа зер салсақ еліміз 1990 жылдардың соңына  дейін мажоритарлық жүйе бойынша сайлаулар өтіп келді. Қазір әлемнің алдыңғы қатарлы өркениетті елдерде осы сайлау тәсілі  бар. Ендігі кезекте елдегі саяси партиялар барынша жетіліп, ел сеніміне толық ие болуы керек. Бізің саяси майданымызда  7-8 ғана партияның атын естиміз. Кейбірі тек сайлау кезінде ғана еске түсетіні жасырын емес, - дейді жас ғалым Рашид Нұрмағамбетов.

https://baq.kz/nurmagambetov-mazhoritarlyq-model-biz-ushin-zhanalyq-emes_279410/

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысында айтты.

Алматыны қазақ зиялыларының қарашаңырағы десек, артық бола қоймас. Әлі күнге дейін ғылым, әдебиет, мәдениет, руханият саласындағы тұлғалардың көбі осы қалада шоғырланған. Сондықтан Сенат жанындағы «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысын Алматыда өткіздік. Зиялы қауымның қашанда елдің сөзін сөйлеп, ұлттың жоғын түгендеп жүретіні белгілі. Бұл жолы да елдік мәселе, төл құндылық, әдебиет, өнер және тағы басқа маңызды салалар бойынша ашық әңгіме болды. Әсіресе, мемлекеттік тіл, ұлттық идеология, жастар тәрбиесіне қатысты орынды мәселелер көтеріліп, ұтымды ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта оның бәрін өз жұмысымызда ескереміз, - деп жазды Сенат төрағасы. 

Кездесуде Ұлықбек Есдәулет, Жүрсін Ерман, Болат Әбділманов, Кенжехан Матыжанов, Сәкен Майғазиев, Ринат Зайытов және тағы басқа азаматтар тарихи сананы жаңғыртатын және ұлттық болмысты ұлықтайтын басым бағыттарға назар аударды. 

Отырысқа қатысқандар елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардан да қалыс қалмай, Президентіміздің бастамалары жөнінде өз пікірлерін білдірді. Олар конституциялық өзгерістер елдік пен егемендікті нығайтудың аса маңызды тетігі екенін айтты. Шын мәнінде, ұсынылған өзгерістер, ең алдымен, заң үстемдігін орнатуды, адам құқығын қорғауды, азаматтардың бәріне бірдей тең мүмкіндік жасауды көздейтіні белгілі. Бұл бүгінгі реформалардың өзегі десек те, қателеспейміз. Жаңа нормалар Парламенттің рөлін және оның халық алдындағы жауапкершілігін арттыруды да мақсат тұтады. Сондай-ақ осы өзгерістер арқылы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың дербестігі арта түспек. Саяси бәсекелестікті күшейтуге және билік монополиясын жоюға арналған бірқатар маңызды түзету де ұсынылғаны мәлім, - деді ол.

Әшімбаев бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті екенін айтты.

Мұндай кешенді түзетулер Қазақстанды демократиялық, құқықтық, әділетті, әлеуметтік мемлекет ретінде нығайтуға арналған. Бұл жұмыс Конституцияға өзгерістер енгізумен шектелмейтіні түсінікті. Саяси жүйемізді реформалау алдағы уақытта да кезең кезеңімен жалғаса береді. Ос ретте еліміздің зиялы қауымы бұл бағыттағы бастамалардан тыс қалмай, ұлттық мүдде жолында әрдайым белсенділік танытатынына ешқандай күмән жоқ, - деді Әшімбаев. 

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/sayasi-zhuyemizdi-reformalau-aldagy-uaqytta-da-kezen-kezenimen-zhalgasa-beredi-ashimbaev_279408/

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздағы Конституциялық кеңес туралы баптарды қамтыған алтыншы бөліміндегі құқықтық құжат түгел өзгерді. Соның бірі – 72-бап.

Екі тармақтан тұратын бап бұған дейін де бірнеше рет өзгертіліп, бірнеше рет түсіндірме берілген болатын. Ал осы жолғы референдумға ұсынылған жобада аталған бапқа тағы 3 тармақ қосылатыны көрсетілген.

Жаңадан енгізілген үш тармақ негізінен Конституциялық соттың жұмысын, оған халық қалай жүгіне алатынын, оны кім арқылы жүзеге асыратынын айқындап береді.

Мысалы 72-бапқа жаңадан енгізілген 3-тармақтың екінші бөлігінде «Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалатыны» анық жазылған. Сонымен қатар, еліміздің «нормативтік құқықтық актілерінің Ата заңымызға сәйкестігін Бас Прокурордың өтініштері бойынша қарайтыны» айтылған. Яғни кез келген заңның Ата заңымызға сәйкестігін Бас прокурор анықтап, оны Конституциялық сотқа бекіттіреді деген сөз.

Ал осы баптың жаңадан қосылған 5-тармағында атап көрсетілгендей, Конституциялық сот «азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Ата заңымызға сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды». Яғни, Конституцияға ұсынылған адам құқықтары туралы құқықтық актлерді еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұсынады деген сөз.

72-бапқа енгізілген өзге де өзгерістер мен толықтыруларды төменнен оқуға болады.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

72-бап

Жаңа нұсқада: 72-бапта:

1) 1 және 2-тармақтардағы «Кеңес» деген сөз «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын;

Ескі нұсқада: 72-баптың 1-2-тармақтары

1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:

1) дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді;

2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;

2-1) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды;

3) Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды;

4) Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;

5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.

2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.

Ескерту. 72-баптың 1-тармағының 2) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.03 N 15/2, 72-баптың 1-тармағының 4) тармақшасына түсініктеме берілді - 2001.12.13 N 19/2 қаулыларымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254; 10.03.2017 № 51-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Жаңа нұсқада: 72-бапта:

2) мынадай мазмұндағы 3, 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:

«3. Конституциялық Сот азаматтардың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін олардың өтініштері бойынша қарайды.

Азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі мен шарттары конституциялық заңда айқындалады.

4. Конституциялық Сот осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін Республика Бас Прокурорының өтініштері бойынша қарайды.

5. Конституциялық Сот Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Республика Конституциясына сәйкестігін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өтініші бойынша қарайды.».

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап55-бап56-бап57-бап58-бап61-бап62-бап71-бап.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-72-bap_279386/

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде ОСК хатшысы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңында» өткен референдум тақырыбына қатысты отырыста мәлім етті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының  (ККО АӨДА) кезектен тыс отырысында еліміздің қазіргі саяси күн тәртібіндегі ең ірі мәселе – 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдум тақырыбы қаралды.

Іс-шара ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен өтті. Өзінің кіріспе сөзінде ол азаматтардың алдағы дауыс берудің зор маңыздылығын және Конституцияға ұсынылған түзетулер қабылданған жағдайда, жаңартылған Конституция негізінде қазіргі қолданыстағы басқа да заңнамалық актілерге түзетулер енгізілетінін немесе жаңа заңдар қабылданатынын атап өтті.

Референдумның мазмұны мен оған дайындық процесі жөнінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мен ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры Назкен Жамаладин баяндама жасады. ОСК хатшысы отырысқа қатысушыларды өз органның және 10 012 учаскелік комиссияның дауыс беруге дайындық барысымен таныстырды. Әділет министрлігінің өкілі Конституцияға енгізілетін түзетулердің мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды.

Ашық және мағыналы сипаттағы талқылау аясында азаматтық сектор өкілдерінің көпшілігі ел Конституциясына түзетулер бойынша референдум өткізуді жақтады. Сонымен қатар, ҮЕҰ-ның бір бөлігі баламалы көзқарастарды білдірді.

Іс-шара соңында Ү. Сүлеймен қатысушыларға алғысын білдіріп, биліктің барлық тармақтарының азаматтық сектормен бірге еліміздегі адам құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайту үшін белсенді бірлескен жұмысын жалғастыруға шақырды.

Бейнеконференцбайланыс режимінде өткен отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Жоғарғы соттың, Конституциялық кеңестің, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, адам құқықтарын қорғау саласында белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ алаң қонақтары – Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Референдумды бағалау жөніндегі Тамаш Месерич басқаратын миссиясы, БҰҰ Даму бағдарламасы, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, Нұр-Сұлтандағы АҚШ пен Канада елшіліктері және ЮСАИД өкілдері қатысты.

Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/eldegi-10-012-saylau-uchaskesi-dauys-beruge-dayyn-ortalyq-saylau-komissiyasy_279392/

Қазақстан Елшісі Тимур Пірімбетов Латвия Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) Төрайымы Кристина Берзинямен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пірімбетов 2022 жылғы 5 маусымда елімізде өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумға дайындық барысы туралы айтып берді.

Елші конституциялық реформа жүйелі сипатқа ие екенін және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды саяси реформаларды іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Референдумға қойылатын мәселелер билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастардың оңтайлы теңгерімін қалыптастыру және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру мақсатында қолданыстағы саяси модельдің тұжырымдамалық трансформациясына қатысты.

К.Берзиня Қазақстан ОСК Төрағасының шақыруымен латвиялық тарап елімізге референдумның халықаралық бақылаушылары ретінде екі өкілді жіберетінін хабарлады. Латвия ОСК басшысы биылғы қазанда өтетін Латвиядағы парламенттік сайлауға дайындық барысы туралы да айтты.

Кездесу соңында тараптар екі елдің сайлау комиссиялары арасындағы сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екендерін растады.

https://egemen.kz/article/313383-referendumgha-latviyalyq-baqylaushylar-keledi

Қазақстандықтардың 75,9%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдауға дайын. AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізілген Referendum: Halyq üni зерттеуінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымның мәліметінше, ел тұрғындарының 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сондай-ақ әлеуметтік деректер азаматтардың көпшілігі қолданыстағы Конституцияны өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отырғанын көрсетті. «Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің оң бағаланатынын дәлелдеді. Азаматтардың 87,5%-ы белгілі бір дәрежеде ел өміріндегі өзгерістерді қалайды. Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысты»,- деді Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиева. Айта кетейік, жүйелі әлеуметтануды қалыптастыру мақсатында «Әлеумет» жобасы тұрақты негізде зерттеулер жүргізеді.


https://www.inform.kz/kz/kazakstandyktardyn-76-ga-zhuygy-ata-zanga-tuzetuler-engizudi-koldaydy-kogamdyk-sayasat-instituty_a3938304

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин конституциялық реформа аясында әкімдерді сайлау және тағайындау тәртібі қалай өзгеретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыс әкімдерін тағайындаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Әкімдерді өңірдегі бүкіл мәслихат депутаттарының келісімі бойынша баламалы негізде тағайындау ұсынылып отыр. Бұл қалай жұмыс істейді? Президент облыс, республикалық маңызы бар қала және елорда әкімінің лауазымына кем дегенде екі үміткер ұсынуға міндетті. Облыстық, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарының бәрі осы үміткерлерден таңдау жасайды. Әкімдікке лайықты кандидат депутаттардың жалпы дауыс беруі нәтижесінде тағайындалады. Яғни, әкімшілік сенім білдірген азамат әкім болады», - деді Мемлекеттік хатшы Youtube арнасында.

Оның сөзіне қарағанда аталған түзетулердің арқасында әкімдердің дербестігі артуы керек. «Қазір ауыл әкімдерін тұрғындар тікелей сайлайды. Бұл тұрақты үрдіске айналды. Енді аудан және қала әкімдерін сайлауға дайындық жүргізіліп жатыр. Облыс әкімдерін депутаттар дауыс беру арқылы баламалы негізде сайлайтынын бұған дейін айттық. Сондай-ақ, Президенттің аудан, қала, ауыл әкімдерін лауазымынан босату құзыретін Конституциядан алып тастау ұсынылады. Тіпті Президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және елорда әкімдерінің актілерін толығымен немесе ішінара жою, тоқтату құзыретін де алып тастау ұсынылып отыр. Соның нәтижесінде әкімдер барынша дербес жұмыс істейді, тұрғындардың мүддесіне басымдық береді», - деді Ердан Қарин.

Оның айтуынша, Конституциялық кеңестің орнына құрылатын Конституциялық сот қабылдаған шешімге ешкім шағым келтіре алмайтын болады.


https://www.inform.kz/kz/prezident-akimder-kabyldagan-aktilerdin-kushin-zhoya-almaytyn-bolady-memlekettik-hatshy_a3937841

Қазақстандықтардың 75,9%-ы Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдауға дайын. 

Бүгін өткен баспасөз мәслихатында «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты «Әлеумет» жобасы аясында жүргізілген «Referendum: Halyq üni» зерттеуінің қорытындысын жариялады, дейді «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі.

Қазақстандықтардың 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сонымен, әлеуметтік деректерге сәйкес, азаматтардың көпшілігі қолданыстағы Конституциясын өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отыр. Атап айтқанда, қазақстандықтар мыналарды қолдайды:

  • азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – 80,1%
  • халықтың елді басқару ісіне араласуын кеңейту – 76,8%,
  • суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу – 73,5%,
  • билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу – 72,3%,
  • Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру – 64,4%.

Қазақстандықтардың 67,9%-ы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу елдің дамуына оң әсер етеді деп санайды. 5 маусымда сайлау учаскелеріне азаматтардың үштен екісі келмек, деп атап өтті партия хатшысы Дәулет Кәрібек.

Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиеваның айтуынша, халықтың өзгерістерге деген сұранысы тұрақты түрде туындап отыр.

Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің оң бағаланатынын көрсетеді. Азаматтардың 87,5%-ы белгілі бір дәрежеде ел өміріндегі өзгерістерді қалайды. Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысты, деді Мәдина Нұрғалиева.

Айта кетейік, жүйелі әлеуметтануды қалыптастыру мақсатында «Әлеумет» жобасы аясында тұрақты негізде зерттеулер жүргізіледі. Ал олардың нәтижелері институттың @SocioExpert telegram арнасында жарияланады.

Әлеуметтік зерттеулердің көмегімен партия қоғамдық пікір скринингін жүргізіп, тиімділікті арттыру үшін оны өз жұмысының барысында ескереді. Біз қоғамдық пікірді ескеріп, онымен санасамыз. Бұл жұмыстың барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мәніне толық сәйкес келеді, деді Дәулет Кәрібек.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының атынан сайланған депутат Саясат Нұрбек партияның үгіт науқаны туралы айтты. Халық қалаулылары аймақ тұрғындарымен мыңға жуық кездесу өткізді. Ал іс-шараларға барлығы 220 мыңнан астам адам қатысқан.

Сонымен қатар, үгіт науқаны аясында партиялықтар қазақстандықтардың ұсыныстарын жинауға бағытталған республикалық акцияны бастады. Үгіт науқаны басталғаннан бері 4,5 мыңнан астам талап-тілек келіп түсті. Олардың арасында әлеуметтік және саяси сипаттағы ұсыныстар мен өтініштер басым.

Ал қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова референдум өткізудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

Қазақстандықтардың 67,9% Конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Сонымен, әлеуметтік деректерге сәйкес, азаматтардың көпшілігі қолданыстағы ҚР Конституциясын өзгерту бойынша референдум өткізуге оң көзқарас танытып отыр. Атап айтқанда, қазақстандықтар мыналарды қолдайды:

  • азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту – 80,1%
  • халықтың елді басқару ісіне араласуын кеңейту – 76,8%,
  • суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу – 73,5%,
  • билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу – 72,3%,
  • Парламенттің рөлін күшейту және мәртебесін арттыру – 64,4%.

Қазақстандықтардың 67,9%-ы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу елдің дамуына оң әсер етеді деп санайды. 5 маусымда сайлау учаскелеріне азаматтардың үштен екісі келмек, деп атап өтті партия Хатшысы Дәулет Кәрібек.

Қоғамдық саясат институтының директоры Мәдина Нұрғалиеваның айтуынша, халықтың өзгерістерге деген сұранысы тұрақты түрде туындап отыр.

Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі қазіргі қоғамдық-саяси үдерістердің оң бағаланатынын көрсетеді. Азаматтардың 87,5%-ы белгілі бір дәрежеде ел өміріндегі өзгерістерді қалайды. Сұралғандардың 55,4%-ы белсенді азаматтық ұстанымға ие. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысты, деді Мәдина Нұрғалиева.

Айта кетейік, жүйелі әлеуметтануды қалыптастыру мақсатында «Әлеумет» жобасы аясында тұрақты негізде зерттеулер жүргізіледі. Ал олардың нәтижелері институттың @SocioExpert telegram арнасында жарияланады.

Әлеуметтік зерттеулердің көмегімен партия қоғамдық пікір скринингін жүргізіп, тиімділікті арттыру үшін оны өз жұмысының барысында ескереді. Біз қоғамдық пікірді ескеріп, онымен санасамыз. Бұл жұмыстың барлығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мәніне толық сәйкес келеді, деді Дәулет Кәрібек.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының атынан сайланған депутат Саясат Нұрбек партияның үгіт науқаны туралы айтты. Халық қалаулылары аймақ тұрғындарымен мыңға жуық кездесу өткізді. Ал іс-шараларға барлығы 220 мыңнан астам адам қатысқан.

Сонымен қатар, үгіт науқаны аясында партиялықтар қазақстандықтардың ұсыныстарын жинауға бағытталған республикалық акцияны бастады. Үгіт науқаны басталғаннан бері 4,5 мыңнан астам талап-тілек келіп түсті. Олардың арасында әлеуметтік және саяси сипаттағы ұсыныстар мен өтініштер басым.

Ал қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова референдум өткізудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

https://baq.kz/qazaqstandyqtardyn-759-ata-zanga-tuzetuler-engizudi-qoldaydy-qogamdyq-sayasat-instituty_279292/

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Youtube арнасында конституциялық реформа туралы кезекті видео жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Конституциялық реформа қарапайым халыққа не береді? Саясаттан алыс, қарапайым тұрғындар бұдан не ұтады? Конституциялық түзетулердің халқымызға қандай пайдасы бар? Бұл жолғы роликте Мемлекеттік хатшы осы сұрақтарға жауап беруге тырысқан.

 «Бұл реформаның оң әсерін еліміздің бүкіл азаматы сезінетін болады. Бірінші. Конституциялық кеңес Конституциялық сот болып қайта құрылады. Ол осы органның атауы ғана өзгереді деген сөз емес. Құзыры одан әлдеқайда ауқымды, мүлде басқа, жаңа институт пайда болады. Конституциялық сот Ата заңға қайшы келетін кез келген заңның немесе өзге де құқықтық актінің күшін жоя алады», - дейді Ерлан Қарин.


https://www.inform.kz/kz/zhanadan-kurylatyn-konstituciyalyk-sotka-kukygy-buzylgan-kez-kelgen-azamat-zhugine-alady_a3937810

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин бір мандатты сайлау оркугтерінің не үшін енгізілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бір мандатты сайлау округтері енгізіледі. Яғни, саяси партиялармен қатар Мәжіліске және облыстық мәслихаттарға партияға мүше емес депутаттар сайлана алады. Ал қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын түгелдей бірмандаттық округтер арқылы сайлау жоспарланып отыр. Бұл өзгеріс сайлаушыларға не береді? Біріншіден, қазір азаматтардың көбі мәслихаттағы өз депутаттарын танымайды. Өйткені олар партиялық тізім бойынша сайланады. Енді азаматтар сайлауда өзі қалаған партияға ғана емес, нақты кандидатқа дауыс бере алады. Тіпті өз кандидатын да ұсына алады. Сол арқылы депутаттардың сайлаушылар алдындағы жеке жауапкершілігі артады», - деді Ерлан Қарин Youtube арнасында жарияланған референдум туралы роликте. Оның пайымынша, бір мандаттан сайланған депутаттар өз сайлаушыларын толғандыратын мәселелерді шешу үшін барын салуға мәжбүр болады. «Мұндай мәселелер көп. Атап айтқанда, жол жөндеу, таза сумен қамтамасыз ету, жаңа мектеп немесе аурухана салу, жастарды жұмыспен қамту сияқты түйткілдер жиі көтерілетіні жасырын емес. Оның бәрі барынша шұғыл және сапалы шешіледі. Сондай-ақ сайлаушыларға бір мандатты округ бойынша сайланған депутаттарды кері қайтару құқығы беріледі. Бұл – жаңа механизм. Егер депутат сайлаушыларының сенімін ақтамаса, жұмысын тиімді атқармаса, оның өкілеттік мерізімі аяқталуын күтпестен, лауазымнан босатуға болады.

Осылайша Мәжілістің де, мәслихаттардың да депутаттары өз сайлаушыларының, яғни, сіздердің алдарыңызда тікелей жауапты болады», - деді Мемлекеттік хатшы. Оның айтуынша, Конституциялық Кеңестің орнына құрылатын Конституциялық сот қабылдаған шешімге ешкім шағым келтіре алмайтын болады.


https://www.inform.kz/kz/deputat-saylaushylarynyn-senimin-aktamasa-ony-lauazymynan-bosatuga-bolady-erlan-karin_a3937830

Языки издания: казахский, русский

Распространение газеты: подписка+розница

Дни выхода: пятница

Тираж: 1050  экз.