22/12/2024  Жексенбі
$523.86 ₽5.11 €544.34

Жаңалықтар

Цифровой мир: Казахстан лидер по экспорту IT-решений в Центральной Азии

Газета Маяк

Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша елімізде 5 122 577 адам референдумда дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Орталық референдум комиссиясына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссияларынан ұсынылған деректерге сәйкес, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70 пайызы дауыс беруге арналған бюллетеньдерді алды. Өңірлер бойынша: Ақмола облысы – 41,31, Ақтөбе облысы – 41,14, Алматы облысы – 43,05, Атырау облысы – 37,33, Батыс Қазақстан облысы – 47,58, Жамбыл облысы – 55,15, Қарағанды облысы – 51,60, Қостанай облысы – 49,96, Қызылорда облысы – 48,73, Маңғыстау облысы – 36,02, Павлодар облысы – 51,17, Солтүстік Қазақстан облысы – 58,25, Түркістан облысы – 46,69, Шығыс Қазақстан облысы – 48,86, Нұр-Сұлтан қаласы – 37,03, Алматы қаласы – 20,14, Шымкент қаласы 44,61 пайыз», - деді Шавхат Өтемісов. Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі дерек сағат 14.00-де ұсынады. Айта кетейік, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша референдумға электораттың 28,59 пайызы келген болатын.


https://www.inform.kz/kz/12-00-degi-zhagday-referendumda-5-1-mln-adam-dauys-berdi_a3940855

Астрахан ауданынан Өрнек ауылының №167 сайлау учаскесінде бірінші дауыс берген Орынбаева Шамшатқа сыйлық табысталды.

Он пришёл голосовать на участок, расположенный в районном Доме культуры.
По его словам референдум имеет исторический характер. Он происходит у нас впервые за 27 лет. Выносимые направлены на государственного ветвях власти. на него изменение поправки формы устройства, баланса в тo, что изменений такой выносится масштабный пакет на референдум логичное решение. Сегодня у граждан есть Возможность высказать свое отношение к предлагаемым изменениям через голосование.


Голосование началось в 7:00 по времени Нур-Султана и продлится до 20:00.
Республиканский референдум проходит 5 июня. На него вынесен вопрос: "Принимаете ли Вы изменения и дополнения в Конституцию Республики Казахстан, изложенные в проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Конституцию Республики Казахстан", опубликованном в средствах массовой информации 6 мая 2022 года".

Конституциялық реформаның тағдырын шешетін республикалық референдумға екі-ақ күн қалды. Осы қарбаластың алдында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлейменнен сұхбат алудың сәті түсті. Талай жыл Орталық сайлау комиссиясында еңбек еткен сенатор референдумға шығарылатын өзгерістер төңіргеніде ел аузында жүрген даулы пікірлер туралы пайымын айтты. - Ләззат Жаңылысқызы, орталық сайлау комиссиясында талай жыл еңбек еткеніңізді білеміз. Дегенмен біздің елдің референдум өткізу тәжірибесі соншалықты бай деп айтуға келмейтін шығар. Бұл жолғы референдумның халық алдындағы, халықаралық аренадағы легитимділігі қалай қамтамасыз етіледі? - Иә, біздің елде референдум өткізу тәжірибесі қалыптасқан деп айтуға келмейді. Осы 30 жыл ішіндегі бұл үшінші референдум. Референдум кезінде байқаушылар қатысады. Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің байқаушыларынан ТМД байқаушылар миссиясынан, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан, Түркі мемлекеттері ұйымынан байқаушылар миссиясынан, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ референдумды Бағалау жөніндегі миссиясынан байқаушылар қатысуға ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы, Тайланд Корольдігі, Армения, Қырғызстан, Молдова, Палестина, Тәжікстан, Түркия, Франция, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия Республикаларынан шет мемлекеттер байқаушылары да қатысады. Байқаушылар референдум комиссияларының жұмысына араласпайды, бірақ толыққанды бүкіл үрдіске бақылау жасауға құқығы болады. - Сіздің пайымыңызша, республикалық референдумға шығарылып отырған мәселелердің ішіндегі ең маңыздылары қайсысы? - «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз», – бұл Президент пікірі. Яғни, Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдыру – реформалардың берік саяси-құқықтық іргетасы, мақсаты. Меніңше, ұсынылып отырған Конституциялық өзгерістердің барлығы маңызды. Олар өзара байланысты жəне бір мақсатты көздейді, атап айтқанда: Азаматтардың Конституциялық құқықтарын қорғау. Суперпрезиденттік басқару үлгісінен бас тарту; Билік өкілеттіктерін қайта бөлу арқылы биліктің тепе-теңдігі мен теңгерімдігін қамтамасыз ету; Парламентті күшейту; Елді басқару ісіне халықты белсенді қатыстыруға конституциялық негіз қалыптастыру. - Қазақстандықтардың өмірінде барынша жылдам көрініс табатын қандай конституциялық өзгерістер бар деп есептейсіз? - Ең алдымен, менің ойымша, елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігінің кеңеюі. Бұл бағытта ұсынылып отырған қадамдар саяси үдерістерді шын мәнінде демократияландырады. Сайлау жүйесінің өзгеруіне байланысты бір мандатты округтерден белсенді азаматтардың Мәжіліске, облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарға келуі саяси плюрализм ауқымын кеңейтеді. Өйткені, Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін және тиісті заңдарға өзгерістер енгізілгеннен кейін Мәжіліс, мәслихаттар жаңа сайлау жүйесімен сайлануға міндетті. Сол кезде аудандарда мәслихаттар тек қана бір мандаттық округтерден сайланады. Облыстық мәслихаттың 50%-н, Мәжілістің 30%-ы жекелеген азаматтарға бір мандатты округтер бойынша сайлануға мүмкіндік береді. Бұл қоғам өмірінде бірден көрінетін мәселе деп ойлаймын. Екіншіден, азаматтардың конституциялық құқын қорғау үшін жасалып отырған қадамдар. Конституциялық Сот Ата заң кепілдік беретін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты өтініштерін және нормативтік-құқықтық актілердің Республика Конституциясына сәйкестігін қарайды. Прокуратураның құзыреті, оның жасақталуы мен қызмет тәртібі Конституциялық заңмен белгіленеді. Үшіншіден, жаңа партиялардың қалыптасуы. Қазірдің өзінде де бірнеше танымал, белсенді азамат өз партияларын құру туралы бастамаларын көтеріп отыр. Саяси партия құру тәртібі жеңілдетілді. Ол үшін 5000 партия мүшесі жеткілікті және облыстардағы өкілдіктерінің ашылуы туралы талаптардың бәріне жеңілдіктер енгізіледі. - Жердің асты мен үстіндегі байлықтың бәрі халықтың игілігі екені Конституцияға жазылмақшы. Халық мұны құптағанымен осы өзгертудегі екінші сөйлемге күмәнмен қарап отыр. Мемлекет халықтың атынан аталған игіліктерді пайдалану бойынша шешім қабылдайды дегенді қабылдағысы келмейді. Жұрттың бұл қаупі қаншалықты орынды? Бұған дейін Конституцияда жердің асты мен үстіндегі байлықтың халық игілігі екенінің жазылмауы салдарынан қандай да бір келеңсіздіктерге жол берілген бе? Жалпы бұл сөйлемді жазу не үшін қажет болып отыр? Ол жазудың Ата заңда болуы жер қойнауы мен табиғи ресурстарды игеру ісіне қандай өзгеріс әкеледі? - Қазіргі Конституцияда жер қойнауы мемлекетке тиесілі деп жазылып тұр. Әкімдер мемлекет атынан жер мәселесін өздері шешіп, халық мүддесін ескермеген жағдайлар аз емес. Халықтың жайылым жерлерінің жоқтығына байланысты-ақ жүздеген мысал келтіруге болады. Бұл мәселені шешу туралы кездесулер кезінде халық депутаттарға нақты талап қойып отыр. Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобы осы мәселелерді сараптап, мынадай түзетулерді енгізді: «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Бұл қадам өте маңызды, енді жер - халықтың меншігі. Мемлекет жер ресурсын басқару процесінде ең алдымен халықтың, қоғамның мүддесін басшылыққа алу керек. Осылайша, әкімдер жерді өз қалауымен жекеменшікке беруі сияқты тәуекелдер жойылуы тиіс. Кез келген уақытта жер мәселесі туралы келісім болмаса, оны талқылауға шығаруға, шешімді жою мәселесін қоюға құқылы болады. Жерді басқаруда қате кетсе, тиісті адамдар жауапкершілік тартады, яғни жер мәселесін шешу үшін халықтан сұрау керек. Бұл Конституциялық түзетудің ауқымында қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізілуі, жерді басқарудың тиімді тетіктері қарастырылуға тиіс. - Конституциялық реформадағы облыс әкімдерін жанама сайлау мәселесін де халық екіұшты қабылдап отыр. Халықтың өзі тікелей дауыс бермегендіктен, жұртқа жақын басшы келе қоятынына күмәнмен қарайтындар бар. Оның үстіне әкім лауазымына үміткер екі адамды да халық ұсына алмайды. Референдумға бұл мәселе неге осы күйінде ұсынылып отыр деп ойлайсыз? - Иә, халық тікелей ұсына алмаса да, өзінің өкілдері мәслихат депутаттары арқылы облыс әкімдерін сайлайды, яғни облыс әкімдерін сайлауда – жанама сайлау құқығы енгізіліп отыр. Облыстың барлық мәслихат депутаттары жиналып, Президент ұсынған кандидаттарға дауыс береді. Бұған дейін облыс әкіміне бір-ақ кандидат ұсынылатын, мәслихаттың келісімімен жалпы дауыс берумен шешілетін. Қазір кемінде екі, мүмкін одан да көп азаматтың кандидатурасы ұсынылады және депутаттар оларды жақтап немесе қарсы дауыс береді. Бұл тәртіп те алға ілгерілеушілік деп ойлаймын. Жалпы атқарушы билікті халықтың тікелей сайлауы ауыл әкімдерін сайлаудан басталды, енді аудан әкімдерін сайлау енгізіледі. Одан кейін барып, облыс әкімдеріне кезең-кезеңмен келу мүмкіндігі қарастырылатын болар. Жалпы жергілікті атқарушы биліктегі негізгі буын - аудан әкімдері. Өйткені жерге, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты мәселелер аудан әкімінің шешімімен жүзеге асырылады. - 23-баптың 2-тармағындағы түзету бойынша, «Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелері қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс», - деп жазылмақшы. Бұрын бұл санатта ондай тыйым болмаған еді. Демек, аталған лауазым иелері елдегі сайлау процестеріне араласып келген деп айтуға бола ма? Оның қандай мысалдарын айта аласыз? Ал егер бұған дейін ондай проблема туындамаса, өзгеріс енгізу не үшін қажет болып тұр? - Конституциялық өзгерістерге сәйкес өзіңіз атап отырған жоғарғы лауазымды азаматтар енді саяси партияның мүшелері болмайды. Яғни жаңа саяси конструкцияда бұл лауазымдар партиялар мүддесінен жоғары тұрады. Жасыратыны жоқ, осыған дейін, Нұр-Отанның билік партиясы болып, үстемдікке ие болғаны белгілі. Ондай проблемалар болды, ендігі кезеңде бұндай тәжірибеге жол берілмеуі тиіс. Конституциялық реформалардың мақсаты да осы. - 44-баптың 4-тармағында Президент қайта құрылатын Конституциялық Соттың төрағасын тағайындайтыны айтылған. Бұл елдегі сот билігін Президентке тікелей тәуелді ететін норма емес пе? Мысалы, Германияда Конституциялық Сот төрағасын канцлер тағайындай ма? - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде 1995 жылы жұмысын тоқтатқан Конституциялық Сотты қайта құруды тапсырды, конституциялық бақылау органы қайта жанданады. Конституциялық сотты ұйымдастыру және оның қызметі, атап айтқанда нормативтік-құқықтық актілердің, оның ішінде заңдардың күшін жою жөніндегі өкілеттіктерге қатысты түпкілікті шешімдер Конституциялық Сот туралы тиісті Конституциялық Заңда реттелетін болады. Соттың өзі Төрағаны қосқанда 11 судьядан тұрады. Төрт судьяны Президент тағайындайды, алты судьяны Парламенттің қос палатасы тағайындайды. Президент Сот Төрағасын Сенаттың келісімімен, Төрағаның орынбасарын Сот Төрағасының ұсынуы бойынша судьялар арасынан тағайындайды. Бұл процесс Конституциялық сотта теңгерімділікті қамтамасыз етеді. Өзіңіз айтқандай, Германияда Конституциялық сот – ең жоғарғы сот органы. Төраға 12 жыл мерзімге сайланады. Он алты судьяның сегізін Бундестаг сайлау комиссиясы, қалған сегізін Бундесрат федералды жерлерінің өкілдері таңдайды. Сот ГФР-дің негізгі заңына түсінік береді және конституциялылықты, яғни Конституцияға федералды және жер заңдарының сәйкестігін тексереді, Бундестаг пен Бундесраттың шешімдерінің күшін жоюға құқылы. Қазақстанның Конституциялық сотының да конституциялық емес деп танылған заңдар мен баптардың күшін жоятын өкілеттілігі болады, ол арнайын заңдарда қаралады. Әр түрлі деңгейдегі судьяларды сайлау коғам көтеріп жүрген мәселелердің бірі. Бұл да кезең-кезеңімен қаралатын маңызды реформалар болмақ. - Жоғары аудиторлық палата мен Есеп комитетінің айырмашылығы қандай? - Есеп комитетінің Жоғары аудиторлық палата болып қайта құрылуы ең алдымен мемлекеттік бюджетті бақылауды күшейтеді, мемлекеттік қаражатты жұмсаудың тиімділігін арттырады. Бұл құрылым Мәжіліске есепті болмақ. Мәжіліс депутаттары – 98 адам халықтың өкілдері, яғни бюджет қаражатына Мәжіліс арқылы халық бақылауын күшейтеді деп айтсақ артық болмас. Бұл жерде Жоғары аудиторлық палата тек қана республикалық бюджеттің орындалуын ғана емес, квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік қаражат, жергілікті бюджет – барлығына сараптама жасайды және жылына екі рет Мәжілістің алдында есеп береді, - деп Конституция жобасына енгізіліп отыр. Аудиторлық палата тек қана жылына екі рет есеп беріп қана отырады деп ойламаймын, нақты жобалар бойынша, депутаттармен қоян-қолтық жұмыс істеу арқылы бюджеттің атқарылуының сапасын арттыруға ықпал ететін мықты институт болмақ. - Заң қабылдау процесіндегі Мәжіліс пен Сенаттың құзыретіне қатысты өзгертулерді қарапайым тілмен түсіндіріп беріңізші. Заңды қабылдау құзыреті екі палатаның біріне ғана берілетін болса, екіншісін ұстаудың қажеті қандай? - Қазіргі тәжірибеге қарасаңыздар заңдардың көпшілігі қоғамда Мәжілісте шешім қабылданғаннан кейін талқыланады. Бұл жерде Сенаттың көпшіліктің мүддесін ескере отырып, Мәжіліске қайтару мүмкіндігі бар. Оның үстіне аймақтардың мүдделері, ұлттар мәселесі және т.б. Сенат жұмысында шоғырландырылады. Заңдарды қабылдау тәртібі Мәжіліске басымдық беріле отырып, Конституциялық өзгерістерде көрсетілген. Парламентке байланысты Конституциялық өзгерістер заңдардың сапасын жақсартуға, қоғамдағы өзекті мәселелердің Парламентте талқылануына бағытталған. - 83-бапта «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болады және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді» деген сөйлем енгізіліп жатыр. Бұл не үшін қажет? Бұған дейін аталған уәкіл осындай кедергілерге тап келіп, соның кесірінен адам құқықтары елімізде табанға тапталған жайттар болды ма? Солай болса, қандай нақты мысал келтіре аласыз? - Халық арасында құқықтарымыз бұзылды деген пікір жиі естілетін болды. Сенатқа қабылдауға келген азаматтар да, халықпен кездесулерімізде де осы мәселе көтерілді, яғни проблема бар. Әлемдік тәжірибеде адам құқықтарын қорғаумен тек құқық қорғау органдары ғана емес, тәуелсіз институттар да айналыса алады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің негізгі міндеті азаматтардың құқықтарын қорғау. Бұл да ҚР азаматтарының құқын қорғауға бағытталған қадам. Қаңтардағы оқиғаларды тергеу кезеңінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл іс жүзінде алғашқы күннен бастап белсенді жұмыс атқарғаны белгілі. Омбудсмен, беделді заңгерлер бастаған тәуелсіз қоғамдық комиссиялар прокуратура органдарымен тығыз өзара іс-қимыл жасап, өз ұстанымдарын ашық білдірді және азаматтарымызды қорғады. Нәтижесінде заңсыз үкімдердің тәуекелдерін едәуір төмендетуге қол жеткізілді. Омбудсменнің мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелсіздігі мен есеп бермейтіндігі, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеуі кепілдігі бекітілетін болады және өз жұмысы кезеңінде Сенаттың келісімінсіз тұтқындауға немесе күштеп әкелуге де болмайды. Уәкілдің тек Сенаттың келісімімен ғана құқық қорғау органдарымен ұсталуы мүмкін деген сөз. Бұл оны құқық қорғау және басқа мүдделі органдарының қысымынан қорғау, яғни оны тәуелсіз ету үшін қажет. Бұл орайда да Конституциялық заңның қабылдануы көзделеді, яғни бұл тетік қалай іске асырылатынын біз талқылап, нақты ұсыныс енгізуге тиіспіз. Барлығы Адам құқықтарын қорғау институтын күшейтуге бағытталған. Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жергілікті жерлерде де уәкілдері болады. Бұл қадамдардың бәрі маңызды, жергілікті жерлерде азаматтардың құқықтарын қорғалуына сапалық өзгерістер әкеледі. - 87-баптың 4-тармағында Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметінен босатуға құқылы екені айтылған. Мәслихат өкілдерінің келісімі ескерілмей ме? Тағайындаған кезде солардың жанама дауыс беруі арқылы шешім қабылданды емес пе? - Мәслихат депутаттарының облыстың да, қаланың да, ауданның да әкімдерін қызметінен босатуға құқығы бар. Қазіргі заңнама бойынша, егер мәслихат депутаттарының 1/5 тиісті әкімді орнынан алу туралы бастамашылық жасаса, ол мәслихат сессиясында қабылданса, әкімді орнынан босату туралы мәселені Президенттің немесе жоғары тұрған әкімнің алдына қою құқығы бар. Сондықтан да мәслихат депутаттарының пікірі әкімді жұмыстан босатуда есепке алынады. -Сұхбатыңызға рахмет!


https://www.inform.kz/kz/oblys-akimderin-saylau-maselesi-kezen-kezenimen-karalady-senator_a3939840

Қазақстанның конституциялық реформасы - бұл жұртшылықтың сұрауы мен ұсыныстарына негізделген саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асыру. Бұл туралы қазақстанның Израильдегі елшілігінде өткен ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға арналған дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиында Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның пікірінше, Қазақстанның конституциялық реформасы - бұл жұртшылықтың сұрауы мен ұсыныстарына негізделген саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асыру. Ол мыналарды қамтиды: қолданыстағы саяси модельді түбегейлі трансформациялау, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың оңтайлы теңгерімін қалыптастыру және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру», - деп атап өтті ол. Өз баяндамаларында Израиль сарапшылары Қазақстан билігінің саяси жүйені трансформациялаудағы және мемлекеттің одан әрі өркендеуі жолындағы жүйелі тәсіліне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып жатқандығын мәлімдеп, өзара ынтымақтастықтың болашағын жоғары бағалады. Айта кетейік, дөңгелек үстелді 31 мамыр күні Қазақстанның Израильдегі Елшілігі жетекші саясаттанушылар, Израиль БАҚ өкілдері және Қазақстан достары клубының қатысуымен ұйымдастырды. Іс-шара Израиль сарапшылар қауымдастығының Қазақстандағы ауқымды саяси өзгерістерге қызығушылығын көрсететін белсенді пікірталас форматында өтті. Қазақстаннан шыққан бүкіл израильдік иммигранттар қауымдастығының төрайымы Зинаида Полянскаяның ұсынысы бойынша жиын 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен басталды. Сондай-ақ, іс-шара аясында Қазақстандағы Конституциялық реформалар бойынша ICES президенті, Шығыс Еуропа және ТМД елдері институтының директоры Александр Цинкер, Еуроазиялық еврейлер конгресінің бас директоры доктор Хаим Бен Яаков, «Israel Hayom» күнделікті газетінің аға шолушысы Ариэль Бульштейн, Қазақстан мен Орталық Азиядан келген еврейлер халықаралық ұйымының төрайымы Наталья Дивинская Иерусалим университетінің профессоры доктор Владимир Месамед, профессор Зив Ханин, саясаттанушы Юрий Бочаров және басқа да қатысушылар баяндама жасады. Теги:


https://www.inform.kz/kz/konstituciyalyk-reformanyn-maksaty-memleket-pen-kogam-arasynda-tiimdi-dialog-kuru-elshi_a3940040

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев AMANAT партиясы жанындағы «Талқылау» диалог алаңының отырысына қатысты. «REFERENDUM 2022: Жаңа Қазақстанның Конституциясы» тақырыбына арналған іс-шарада елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отырысқа AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, журналист Мақсат Толықбай, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина және тағы басқа сарапшылар қатысты.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев ашықтық пен демократия Жаңа Қазақстанның негізгі құндылықтарының бірі екенін айтты. Сондай-ақ ол жалпыұлттық референдум арқылы Конституцияға енгізу үшін ұсынылып отырған түзетулер осы құндылықтарға табан тірейтінін жеткізді.

Сенат Төрағасы халықпен кездесуде азаматтар тарапынан Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар өздерінің күнделікті өміріне қалай әсер ететіні туралы заңды сауал қойылатынын айтты. Осыған орай ол қолға алынған реформаның негізгі мәні мен мазмұнын халыққа қарапайым тілмен түсіндірудің маңызы зор екеніне назар аударды.

«Қазақстандықтар референдумге қатысып, Ата Заңымызға енгізілетін түзетулер үшін дауыс беру арқылы жаңа әділетті Қазақстан құру бастамасына қолдау көрсетеді. Жалпы саяси өзгерістер мен конституциялық реформа елімізде әділеттілік қағидатын нығайту үшін қолға алынып отыр», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Спикері Конституцияға енгізу үшін ұсынылған өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттарына тоқталды. Аталған түзетулер адам құқығын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, Парламенттің рөлі мен депутаттардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілігін арттыруға, өңірлердің дербестігі мен жергілікті билікті нығайтуға және саяси бәсекелестікті күшейтуге арналған.

«Мемлекет басшысы ұсынған түзетулер кешені жаңа Қазақстанның негізі ретінде барынша теңгерімді, ашық және бәсекеге қабілетті саяси жүйе құруға мүмкіндік береді. Азаматтарымыз осы өзгерістерге дауыс беру арқылы Президентіміздің елімізді жаңғырту бағдары мен Жаңа Қазақстан құруды қолдайтындарын білдіреді», деді Сенат Төрағасы.

Мәулен Әшімбаев Конституцияға енгізілетін өзгерістер жүйелі саяси жаңғырудың басы ғана екенін атап өтті.

«Конституциялық реформа Ата Заңға түзетулер енгізумен шектелмейді. Алдағы уақытта Парламент бірқатар жаңа заңдар қабылдап, қолданыстағы кейбір заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Бұл жұмыс жыл соңына дейін жалғасады. Бұл жаңғырудың мақсаты – ашық, теңгерімді, демократиялық саяси жүйе және бәсекеге қабілетті, әділ, сыбайлас жемқорлықсыз экономикалық орта құру. Сондықтан азаматтарымыздың 5 маусым күні референдумге белсенді қатысып, Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруі аса маңызды», деді Мәулен Әшімбаев.

Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаеваның пікірінше, референдумның басты мақсаты – ел болашағына қатысты мәселелерді шешуге әрбір азаматтың атсалысуына мүмкіндік беру.

 «Мен – кез келген өзгерістер мен реформалардың сыншысы болатын азаматтық сектордың өкілімін. Бірақ қазір азаматтық қоғам адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын күшейту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, Конституциялық сот құру бөлігіндегі түзетулерді толық қолдайды. Біз халықпен кездесулерде міндетті түрде өз құқын пайдаланып, референдумға қатысу керек екенін айтамыз», деді Ләззат Қалтаева.

ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Зәуреш Баймолдинаныңайтуынша, ұсынылып отырған түзетулер саяси жүйені терең өзгертуге, қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени қатынастарды жаңартуға бағытталған.

 «Іс жүзінде бұл түзетулер кешені Қазақстанда қоғамның жаңа моделін құруға мүмкіндік береді. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қуатты тетіктер жасалады. Бұл еліміздің бүкіл халқының қалауы деп ойлаймын», деді Зәуреш Баймолдина.

«QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасының бас продюсері Мақсат Толықбай әлеуметтік әділетті мемлекет ұрандарға негізделе алмайтынын, оны заң жүзінде бекіту керек екенін атап өтті.

«Бәріміз өзгерісті қалаймыз, бірақ әркім өзінен бастау керек. Алғашында түзетулердің мәнін бәрі бірдей түсінбеді. Бірақ ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Енді өз елі, балаларының болашағы үшін алаңдайтын әрбір адам міндетті түрде сайлау учаскесіне барып, өз дауысын береді», деп есептейді журналист.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтің пікірінше, референдум – бұл сайлау мәдениеті мен азаматтық жауапкершілік деңгейі тұрғысынан бүкіл қоғамымыз үшін жақсы сынақ әрі сабақ.

«Дегенмен ең бастысы, өзгерістер біржақты тәртіпте тек биліктен болмайды. Тиісінше, халық үдерістерге белсенді араласуы керек. Өйткені елдің өмірін бір жағынан ғана жақсарту мүмкін емес, бұл – әрбір азаматқа қатысты іс», деп атап өтті Талғат Қалиев.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова «TALQYLAU» диалог алаңы өте өзекті екенін және ол конституциялық нормаларды қоғамның қалай қабылдайтынын түсінуге көмектесетінін айтты.

«Мен алғашқы референдумға қатыстым. Ол кезде еліміз енді ғана тәуелсіздікке қол жеткізіп, қоғам жаңа Конституцияны оң қабылдады. Қазіргі реформалар бүгінгі жағдайларға жедел жауап беру керек екенін көрсетті және халық оның маңыздылығын түсінеді деп ойлаймын», деді Наталья Калашникова.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, «TALQYLAU» алаңының модераторы Саясат Нұрбек, «халықтың жартысынан көбі – тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген, құндылықтары мүлдем басқа ұрпақ. Бірақ дәл қазір бәріміз бірігіп, ортақ болашақ үшін референдумды қолдап, конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруіміз керек», дегенді айтты.

Еске сала кетейік, «TALQYLAU» диалог алаңын құру бастамасы «AMANAT» партиясының 1 наурызда өткен кезектен тыс Съезінде партиялық трансформация бағдарламасы тармақтарының бірі ретінде көтерілген болатын. Алаңда сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешу жөніде ұсыныстар әзірлеу үшін тұрақты түрде кездесіп отырады.

https://egemen.kz/article/314037-konstitutsiyalyq-reforma-zanhgha-tuzetuler-engizumen-ghana-shektelmeydi-mashimba

Ата заңымыздағы Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару жайлы баптарды қамтыған құқықтық құжаттың бірі – 88-бап.

4 тармақтан тұратын бұл бапқа бұған дейін де бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, бірнеше рет түсіндірмелер жасалған. Десе де осы жолы бұл баптан бір ғана сөз алынып тасталды. Сол бір ғана сөздің өзі еліміздегі саяси жағдайға айтарлықтай өзгеріс енгізе алатынын айқын көрсетіп тұр.

Сөз басында айттық, 88-бап – еліміздегі әкімшілік басқару тетіктеріне арналғанын. Ал осы баптың 4-тармағындағы «Президенті» деген сөздің алынып тасталуы, баптың міндетін қаз-қалпында сақтағанымен, елдегі суперпрезиденттік жүйеден арылудың алғашқы қадамындай көрінеді.

Оқырманымызға түсінікті болуы үшін, 88-баптың қазіргі қолданыстағы нұсқасын ұсынып көрейік: «Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоюы мүмкін, сондай-ақ олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін»  делінген қазіргі Ата заңымызда.

Осы жердегі «Президенті» деген сөзді әдейі ерекшелеп көрсетіп отырмыз. Себебі жаңадан ұсынылған жобада дәл осы сөз алынып тасталады. Яғни, бұдан былай жергілікті әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін жоюға Мемлекет басшысы араласпайды деген сөз. 

88-бапқа енгізілген өзгерісті төмендегі салыстырудан анығырақ оқуға болады.

Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.

88-бап

Жаңа нұсқада: 88-баптың 4-тармағындағы «Президенті» деген сөз алып тасталсын.

Ескі нұсқада: 88-баптың 4-тармағы

4. Әкімдердің шешімдері мен өкімдерінің күшін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі не жоғары тұрған әкім жоюы мүмкін, сондай-ақ олардың күші сот тәртібімен жойылуы мүмкін.

Ескерту. 88-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.05.31 N 3/2 қаулысымен.

Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап47-бап, 50-бап51-бап52-бап53-бап54-бап55-бап56-бап57-бап58-бап61-бап62-бап71-бап72-бап73-бап74-бап78, 82, 83-баптар87-бап.

https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-88-bap_279785/

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Конс­титу­ция­ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Референдум өткізудің мақсаты мен тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оқу ордасының оқытушылар құрамы мен студенттері қа­тыс­қан жиында «Қазақстан тари­­хы және Қазақстан халық­тары­ның мәдениеті кафедра­сы­ның» меңгерушісі, тарих ғылым­­да­ры­ның кандидаты Зәуре Ақ­там­бердиева, «Құқық» кафед­ра­сының меңгерушісі Бақытжан Қуандықов, т.б. қаты­су­шылар референдумға қатыс­ты пікірлерін білдіріп, Ата Заңға енгізілетін өзге­рістерге байла­ныс­ты ұсы­ныс­тарын ортаға салды.

Дөңгелек үстелге қатыс­қан­дар Президент Қ.Тоқаев­тың Кон­ституцияға өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы рес­публикалық референдум өткiзудің мән-маңызын және аза­маттық қоғамды дамыту, ха­лық­тың мемлекеттік басқаруға қатысу белсенділігін ынталандыру мәселесі туралы бастамасына қолдау білдірді.

Конституция реформасы мем­лекеттің барлық моде­лін ке­шен­ді түрде трансфор­ма­ция­лау­ға бағытталған. Өзге­ріс­тер супер­пре­зиденттік бас­қа­ру формасынан ықпалды Парламент пен жауапты үкі­ме­ті бар президенттік рес­пуб­ликаға өтуді қамтамасыз етпек. Сонымен қатар адам құқық­тарын қорғауды күшейту мақ­са­­тында «Конституциялық сот» және «Адам құқықтары бо­йын­ша уәкілетті орган» деген екі жаңа бап енгізілмек. Одан кейін сайлау жүйесі өзге­рейін деп отыр. Енді кез келген қазақстандық азамат өзін депутаттыққа ұсынуға мүм­кіндік алатын болады.

Жаңашылдықтың тағы бірі – жер мәселесіне қатысты өз­ге­рістер. Қазіргі заң бойынша жер мемлекет меншігі болып саналады. Енді жер, су көздері мен басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі болмақ. Меншік құқығын халық атынан мемлекет жүзеге асырады. Осыған бай­ланысты халық өз шешімін қабылдауға тиіс.

Кездесу барысында сарап­шы­лар еліміздегі демократия­ла­ндыру үдерісін одан әрі жал­ғастыруды көздейтін кон­сти­туциялық өзгерістер мен то­лықтырулар енгізуге қа­тыс­ты қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Өз кезе­гінде ұстаздар мен студенттер 5 маусымда өтетін рефе­рен­думға ұйымшылдықпен қаты­сатындарын әрі ел бола­шағы үшін жасалатын маңыз­ды қа­дам­дарды толық қолдай­тын­дық­тарын білдірді.

https://egemen.kz/article/314061-azamattyq-qogham-dganhashyldyqty-qalaydy

Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының сессиясына қатысты.

Президент, ең алдымен, ғалымдарды Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығымен құттықтап, мұны еліміз үшін мән-маңызы айрықша оқиға деп атап өтті. Сондай-ақ дамудың бірден-бір жолы ғылым екенін айтып, адамзат баласы жетістіктің бәріне білімнің арқасында жеткеніне тоқталды, деп хабарлады Ақорда сайты.

"Қарапайым заттардан бастап, күрделі ой-тұжырымдарға дейін, барлығы да – ғылымның жемісі. Шын мәнінде, ілім-білім арқылы бүкіл жаратылысты терең танып білеміз. Таным көкжиегін кеңейтіп, жаңа белестерге шығамыз. Ғылымның ең басты миссиясы – осы. Ұлы далада өркендеген ғылымның тамыры тым тереңде жатыр. «Адамзаттың екінші ұстазы» – Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы – соның айқын көрінісі", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев көне заманнан бастау алған ілім жолы ешқашан үзілмегенін, өткен ғасырда қазақ ғылымы ерекше қарқынмен дамығанын еске салды. 

"Бұл ұйым құрылған кезден бастап қоғамдық дамудың көш басында болды. Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Әбікен Бектұров, Ахмет Жұбанов, Әлкей Марғұлан, Шахмардан Есенов, Өмірзақ Сұлтанғазин, Мұрат Айтқожин, Әбдуәли Қайдаров және басқа да көптеген көрнекті тұлғалардың есімі Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылды. Олардың әрқайсысы өз саласының асқар шыңын бағындырды. Қазба байлығымызды игеруге, өндірісті өркендетіп, экономиканы дамытуға, елді рухани жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Біз халқымыздың біртуар перзенттерінің еңбегін әрдайым жадымызда сақтаймыз. Өскелең ұрпақ оларды үлгі-өнеге тұтады. Бүгінде жас ғалымдарымыз сол алыптардың ізін басып, жолын жалғап келеді", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, әлеуетімізді арттырып, үздіксіз алға басу үшін әрдайым іздену керек. Биік мақсат қойып, жаңашылдыққа ұмтылып, жұмыстың тиімділігін арттыру қажет. Сондай-ақ ХХІ ғасырда мемлекеттің қуаты ғылыми-техникалық жетістіктермен өлшенетінін, халықаралық аренадағы ықпалы да осыған байланысты екенін алға тартты.   

"Ғылым мен технологияны, инновацияны дамыту – еліміздің бәсекеге қабілетін  арттыратын негізгі саланың бірі. Біз отандық ғылымның басымдықтарын халықаралық талаптарға және ұлттық мүддемізге сәйкес айқындаймыз. Бүгінгі басқосуда осы саланың мәселелері туралы ашық пікір алмасамыз деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары ғылым жүйесінде едәуір өзгерістер болып, саланы тежеп отырған түйткілдерді шешу үшін нақты жұмыс атқарылып жатқанына тоқталды. Сонымен қатар өткен аптада Ғылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғанын айтып, еліміздегі 22 мыңнан астам ғалым санын осыдан 30 жыл бұрынғы ахуалмен салыстырғанда көп емес екенін атап өтті.

"Жалақының аз және тұрақсыз болуы осы саладағы кадрлық әлеуеттің күрт төмендеуіне әкеп соқты. Іргелі ғылымдармен айналысатын институттардың жағдайы өте ауыр болды. Біз алдымызға ғалымдардың санын көбейту, ғылыми экожүйені нығайту сияқты мақсаттар қойып отырмыз. Сондай-ақ, ғылыми жаңалықтардың коммерциялық тиімділігін арттыру және ғылымды басқару жүйесін жетілдіру басты назарда болады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы проблеманы ғалымдар жылдар бойы көтеріп келгеніне назар аударып, аталған мәселе «Ғылым туралы» заңға енгізілген өзгерістердің негізінде шешілгенін атап өтті. Нақты айтқанда, заңға іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу институттарын қаржыландырудың жаңа түрі енгізілді. Бұл қадам бірқатар ғылыми институттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Базалық қаржыландыруға жетекші ғалымдардың еңбекақысы кіреді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ғылыми қызметкерлердің орташа жалақысы 70 пайызға өскен. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімі үш жылдан бес жылға дейін ұлғайтылып, соңғы үш жылда ғылымның мемлекет тарапынан қаржыландырылуы 70 пайызға артқан.

"Ғалымдардың біліктілігін арттыру үшін әлемдік ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтуге гранттар бөлінеді. Ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру бойынша сұранысқа ие жобалар жүзеге асырылып жатыр", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымда түйткілді мәселелер әлі де жеткілікті екеніне тоқталып, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін Академияның мәртебесін өзгерту, университеттердің ғылыми әлеуетін күшейту, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдау жүйесін жетілдіру, ұзақмерзімді ғылыми-технологиялық дамуды тиімді жоспарлау сияқты басымдықтарға назар аудару қажет екенін атап өтті.

Президент Академияның мәртебесін өзгерту мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Бұл құрылымның 20 жыл бойы ғылымды басқару ісінен тыс қалғанын атап өтіп, оның қызметі әлемдік тәжірибеге сай жүргізілуі керек екенін айтты.

"Бұл құрылым ғылыми ой-тұжырым орталығына айналуға тиіс. Сондай-ақ, сараптама жасайтын беделді мекеме болуы керек. Қара шаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан оған мемлекеттік мәртебе береміз және бюджет есебінен қаржыландырамыз. Оның қазір атқарып отырған қызметінен басқа да міндеттерін нақты белгілеу қажет. Атап айтқанда, ғылыми басымдықтарды дәл осы құрылым айқындауы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент арнаулы гранттар, стипендиялар және сыйлықтар тағайындау құзыреті де Академияға берілгені жөн деп санайды. Сондай-ақ ғылымға адалдық мәселесіне баса назар аударды.

"Қазір қоғамда құр атақ үшін ғылыми дәреже алғысы келетіндердің бар екені жасырын емес. Бұл жағымсыз үрдіске айналып барады. Олар, шын мәнінде, ғылыми атаққа ие болғанымен, ғылым жолын жалғастырмайды. Соның кесірінен мемлекеттің қаншама қаражаты босқа кетеді. Бұған біржола тосқауыл қоятын кез келді. Біз ғылымға шынайы берілген азаматтарды ғана қолдауымыз қажет. Оның жолдарын жан-жақты ойластырған жөн", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Академияға лайықты тұлғалар ғана ашық әрі әділ сайлануы қажет екеніне тоқталып, бұл мекеменің қызметін қазіргі заманғы талаптарға сәйкестендіріп, түбегейлі өзгерту керектігін жеткізді.

"Академиктер барынша ашық әрі әділ сайлануы қажет. Жұрт ұйымға мүше болу рәсімдерін және оған үміткерлерді толығымен біліп отыруға тиіс. Ғылыми қызметпен тікелей айналысатын академиктерге өмір бойы ай сайын стипендия беру мәселесі шешіледі. Үкіметке тиісті тапсырма бердім. Мұның бәрі Академияның жұмысына тың серпін беріп, беделін арттырады", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев университеттердің ғылыми әлеуетін нығайтуды екінші басымдық ретінде атады.

"Батыс елдерінде университеттерде технопарктердің аясында әртүрлі инновациялық стартаптар мен технологиялық компаниялар жұмыс істейді. Білім беру жүйесін жеке ғылыми орталықтармен және олардың әлеуетіне қарай технопарктермен біріктіру мықты зерттеу университеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осыған байланысты ғылыми зертханалар мен эксперименттік инфрақұрылымды дамытуға мақсатты гранттар бөлу арқылы ЖОО жанындағы ғылыми-технологиялық парктерді қолдау бағдарламасын іске қосуды Үкімет пен салалық министрлікке тапсырды. Президент зерттеу университеттерін білім берудегі сән үрдісі емес, Жаңа Қазақстанның инновациялық экономикасын құрудың негізі деп атап өтті. Бұған дейін еліміздің батысында техникалық университеттер құру қажеттігін айтқанын еске салған Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қадамның дұрыстығына толық сенімді екенін жеткізді.

"Satbayev University – Қазақстандағы техникалық білімнің флагманы, жалғыз ұлттық ғылыми-техникалық университет. Сондықтан ол жаңа техникалық университеттер үшін ғылыми-өндірістік базаға айналуға тиіс. Еліміздің бас техникалық университетінің даму бағдарламасын бекітіп, оның негізінде инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құру қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Президент үшінші басымдық ретінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қолдау жүйесін жетілдіру жөнінде айтты.

"Ғылымды қаржыландырудың негізгі көзі ретінде мемлекеттік бюджетпен қатар жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялардың қаражаттары, ірі жеке сектор – өнеркәсіптік корпорациялар және басқа да ұйымдар тартылуы керек. «Самұрық-Қазына» қоры жанынан Ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы құрылды. Оның міндеті – ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу үшін ғылыми қоғамдастықпен жүйелі ынтымақтастық орнату. Жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды өндіруге кететін қаржысының 1 пайызын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға аудару және аударымдар мен қаражатты бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен жаңа ғылыми орталықтарды құруға жеке инвестициялар үшін салықтық және инвестициялық жеңілдіктерді арттыратын кез келді деп есептеймін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, ғылыми-зерттеу жұмыстарына жергілікті атқарушы органдарды тарту қажет. Олар да ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыра алуы керек.  Жергілікті жерлерде ғылым, бірінші кезекте, облыс экономикасының назарында тұрған мәселелерді шешуге бағытталуға тиіс.

Мемлекет басшысы ұзақмерзімді ғылыми-технологиялық дамуды тиімді жоспарлау мәселесін төртінші басымдық ретінде атады.

"Бұрынғы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын қайта ашу керек деп санаймын. Ғылыми қызметті тиімді басқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – маңыздың міндеттің бірі. Сол себепті, осы саладағы барлық үдерісті тезірек  цифрландыру керек. IT саласындағы соңғы жетістіктерді пайдаланып, Қазақстан ғылымының бірыңғай экожүйесін қалыптастыруға тиіспіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның ұлттық экономикаға қосатын үлесін көбейтіп қана қоймай, оның әлемдік ғылыми кеңістікпен ықпалдастығын күшейткен жөн деп есептейді. Сондай-ақ ғалымдар еліміздің рухани дамуына да баса мән бергені дұрыс.

"Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде Мемлекеттік туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. «Туған жерге туыңды тік» деп халқымыз бекер айтпаған. Біз – туын әрқашан биік ұстаған елміз. Осы ретте, Қаныш Сәтбаевтың бір ойы өзекті болып отырған сияқты: «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес». Мемлекеттік рәміздерімізді қастерлеу – әр азаматтың перзенттік парызы. Осыны өскелең ұрпақтың санасына сіңіретін ең әуелі – сіздер, яғни зиялы қауым. Қазір еліміз түбегейлі және жан-жақты өзгеру жолына түсті", – деді Президент.

Мемлекет басшысы бірнеше күннен кейін Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша референдум өтетініне тоқталып, бұл болашағымызды айқындайтын жауапты сәт екеніне назар аударды.

"Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге қоғамның сұранысын және халықтың алдағы өзгерістердің шынайылығына деген сенімін көрсетеді. Өйткені, осы реформалар жеке тұлғалардың, соның ішінде Президенттің артықшылықтарын арттыруды емес, бүкіл қоғамның мүддесін көздейді. Менен ел ішінде де, шетелде де Мемлекет басшысы өз өкілеттігін референдум арқылы ұзартуға, басқаша айтқанда, президенттік өкілеттікті қайта бастауға қамданып жатыр ма деп сұрайды. Менің жауабым біреу-ақ, мұндай ниет болған емес, болмайды да", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылып отырған саяси жаңғырту бағдарламасының мазмұны – ауқымды. Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

"Дамыған демократиялық қоғам құру дегеніміз айқайлап ұрандату, бірден нәтижеге қол жеткізу емес, дәйекті және жүйелі жұмыс жүргізу екенін түсінуіміз керек. Елімізде жоғары саяси жауапкершілік мәдениеті орнығуы қажет. Бүкілхалықтық референдум жаңа әділетті Қазақстанды құрудың маңызды бастамасы болмақ", – деді Мемлекет басшысы.

Президент қолға алған реформалардың табысты болуы оларды жүзеге асыруға барлық азаматтың қалай атсалысатынына тікелей байланысты екеніне назар аударды. Бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана елдің нақты жаңғыруын және прогрессивті дамуын қамтамасыз ете аламыз.

"Алдағы референдум елдің саяси трансформациясының соңғы кезеңі емес, шын мәнінде оның бастамасы екенін атап өткім келеді. Жұмыс енді ғана басталып жатыр, өйткені өмірдің өзі және азаматтардың қажеттіліктері бізге жаңа міндеттер жүктейді. Саясатта шалт қимылға жол берілмейтінін, ең күрделі геосаяси жағдайларда ол жойқын зардаптарға, деградацияға, тіпті мемлекеттіліктің жоғалуына әкеп соқтыруы мүмкін екенін қаперде ұстау керек. Біз осындай тар жол, тайғақ кешуде әр қадамымызға байыппен қарауымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл үдерісте ғалымдар мен академиялық қоғамдастықтың рөлі өте маңызды деп есептейді. Сондай-ақ қай уақытта да ой-пікір алыптары мен көрнекті зерттеушілер қоғамдық дамудың алдыңғы шебінде болғанын айтты.

"Олар сыни ойлау жүйесін дәйекті түрде қалыптастырды. Надандық пен архаикаға қарсы тұрды және алаяқтар мен популистерге қатаң, дәлелді тойтарыс берді. Өкінішке қарай, елімізде әлі күнге дейін түрлі ырымдарға, ескірген стереотиптерге және жалған ғылыми идеяларға байланысты құбылыстар бар. Дамудың шынайы заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан түсінетін қоғамда деструктивті көзқарастарға орын жоқ. Бұл жерде білім мен даму үстемдік етуі керек. Жаңа идеяларды тудыратын еркіндік пен шығармашылық атмосферасы – қазіргі әлемдегі негізгі табысты фактордың бірі", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, ғалымдар Жаңа Қазақстанды, яғни Екінші Республиканы құру ісіне белсене атсалысып, осы маңызды әрі тарихи сәтте зор жауапкершілік танытатынына сенім білдірді.

Жиын соңында Президент бірқатар ғалымды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

https://informburo.kz/kaz/newskaz/tokhaev-oez-oekilettigin-referendum-arkhyly-uzartu-turaly-mundaj-niet-bolghan-emes-bolmajdy-da

Языки издания: казахский, русский

Распространение газеты: подписка+розница

Дни выхода: пятница

Тираж: 1050  экз.