Ағымдағы жылдың 16 ақпанынан бастап Қоғаныс министрінің бірінші орынбасары, Бас Штаб бастығының бұйрығымен Астрахан және Егіндікөл аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығы лауазымына Еркеғали Қасымханұлы Аубакиров тағайындалды.
Еркеғали Аубакиров 1987 жылы 21 қазанда Ақмола облысына қарасты Ерейментау қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2010 жылы Алматы қаласындағы радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын «Радиотехника әскерлерінің радиоинженері» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылында 44813 әскери бөлімінде радиолокациондық бөлімшесінің бастығынан бастап, 2012-2013 жылдары Жезқазған қаласында 01740 әскери бөлімінде радиолокациондық бөлімшесінің бастығы, 2013-2014 Қостанай қаласында 27957 әскери бөлімінде рота командирінің техника жөніндегі орынбасары, 2014-2016 жылдары түрлі әскери лауазымдарды атқарған.
2016-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласында 47762 әскери бөлімінде жанар-жағармай қызметінің бастығы, 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін жұмылдыру бөлімшесінің бастығы, Астрахан және Егіндікөл аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығының орынбасары лауазымын атқарған.
Арман ЖАПАРОВ.