Әлемге зиянын тигізіп отырған COVID-19 індетін жеңудің ең тиімді жолы - вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту. Ал ұжымдық иммунитеттің үлесі 70%-дан асуы керек. COVID-19 індетімен ауырып, орталық ауруханада ем алып шыққан ауданымызға қарасты Жалтыр ауылының тұрғыны Александр Песоцкий еліміздің, оның ішінде ауданымыздың барлық тұрғындарын вакцина алуға шақырады. Себебі карантинге дейінгі қалыпты өмірге оралуымыз қажет деп ойлайды. Барлығы ыңғайлы қалыпқа келіп, бетпердесіз жүретін күндер туады деп сенеді.
Сондай-ақ, ел болып коронавирус инфекциясына қарсы тұру үшін жақсы иммунитет болу керек. Оны қалыптастырудың бірден-бір жолы – вакцина екені белгілі. Бәріміз білетіндей, қыркүйек айында оқу оффлайн форматта басталады. Ал оқу орны талаптарына сәйкес студенттер оффлайн форматта оқуы үшін вакцина алуы қажет. Вакцина алу мен алмау адамның өз шешімі. Оған ешкімді міндеттемейді. Сондықтан вакцина алам деушілер үшін аудандық ауруханада тегін түрде жүргізіліп жатыр.
Вакцина алудың екі негізгі себебі: өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі. Мысалы, жыл сайын штамын өзгертіп отыратын грипп, яғни тұмау ауруының тұрғындар арасында жеңіл өтуін қамтамасыз ету мақсатында күзде оған қарсы иммунизация жүргізіледі. Соның нәтижесінде, тұмау ел арасында асқынбай, жеңіл-желпі өтуде. Егер мұндай шара өткізілмесе, өткен ғасырда 50 миллион адамның өмірін жалмаған «испан тұмауы» сияқты, миллиондаған адам өміріне қауіп төнер еді. Бүгінде ковид инфекциясы әлемді шарлап кетті. Жүздеген мың (соңғы мәліметтер бойынша 1,5 миллионнан астам) адам КВИ-ден көз жұмып жатыр. Оны жоюдың бір жолы – оған қарсы вакцина әзірлеп, халық арасында екпе жүргізу. «Вакцина неге керек?» деген сұраққа жауап осындай.
Өз тілшіміз.