Тұтас Конституциямыздың үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізіледі, ал оларды қабылдануы – халықтың өз қолында. Алдағы референдумда күн тәртібіндегі негізгі мәселе осы.
Конституциялық кеңестің қарауынан өткен Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енді халықтың қарауына ұсынылады. Онда халықтың мемлекетті басқару ісіне араласуын кеңейтуге, азаматтардың құқығын қорғауды жақсартуға бағытталған баптар қарастырылған.
Сонымен қатар Ата Заңға енгізілетін өзгерістер – мемлекеттік басқару моделінің өзгеруі, көптеген заңға енгізілетін өзгерістер. Яғни, осының барлығы белгілі бір заңдардың алғышарттары болады. Одан кейін халықтың сол заңдардың жұмыс істеуіне мүдделілігін танытуда белсенді болуы тиіс. Мысалы, өзінің сайлау алдындағы уәдесін орындамаған депутатты кері қайтару талабын қоюы керек.
Еліміздің түбегейлі өзгерістерге бастайтын реформаларды қолдайық, референдумнан қалмайық!