19/07/2025  Сенбі
$533.61 ₽6.78 €621.07

Бүгін Жалтыр ауылындағы №187 сайлау учаскесінде ерекше көңіл-күй сезілуде. Ауыл тұрғындары Жалтыр ауылдық округінің әкімі сайлауына белсене қатысып, туған жерінің болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетуде.

Сайлауға алғаш рет қатысып отырған жастардың бірі – Даулет Серікбаев. Бұл оның алғашқы сайлауы, алғашқы таңдауы. «Мен үшін бұл – үлкен жауапкершілік. Енді мен де елімнің дамуына өз үлесімді қоса аламын. Бұл менің алғашқы дауысым, ол маңызды болады деп сенемін», – дейді Даулет.

Сайлау учаскесіне отбасымен бірге келген Ковинский әулеті де дауыс беріп, өз азаматтық борыштарын өтеді. «Ауылымызда тәртіп, тазалық болып, жастарға жұмыс болса екен дейміз. Мұның барлығы – дұрыс әкімді таңдаудан басталады», – дейді отбасы мүшелері.

Сайлау учаскесінде жұмыс жүйелі ұйымдастырылған, дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалған. Учаскелік сайлау комиссиясының айтуынша, таңнан бері сайлаушылардың белсенділігі жоғары – ауыл халқы бұл науқанға жауапкершілікпен қарап отыр.

Әр тұрғынның дауысы – ауылдың болашағына қосқан үлесі. Бүгінгі күн тағы да бір мәрте дәлелдеді: Жалтыр ауылдық округінің тағдыры – оның жанашыр тұрғындарының қолында.

1