Аптаның басында ауданымызда жұмыс сапарымен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева болды.
Наталья Дементьева жұмыс сапары барысында жалпы орта білім беретін Астрахан №2 және №1 орта мектебінің жаңа оқу жылына дайындық жұмысымен танысты. Өз кезегінде мектеп басшылығы мектепті таныстырып, жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Сондай-ақ, Наталья Дементьева жұмыс сапары барысында ауданның басты мұражайы мен аудандық аурухана секілді бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, түйткілді мәселелерін ортаға салды.
Сапар барысында халық қалаулысы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ғимаратында Астрахан ауданының орталығының тұрғындарымен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. Тұрғындар өздерінің толғандырған мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Халық қалаулысы әр мәселенің уақытылы шешім табатынын айтты. Әр азаматтың аманаты – басты назарда болады.
Жалпы, кездесу барысында Наталья Дементьева өзінің депутаттық қызметі туралы айтып берді. Қазақ тілін еркін меңгерген педагог ретінде ол өзге ұлт өкілдері арасында білім беруді дамыту, балалардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік тіл мәселелеріне егжей-тегжейлі мән беру екендігін жеткізді.
Арман ЖАПАРОВ.