22/10/2024  Сейсенбі
$481.68 ₽5 €522.48

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Үйсімбаев Aсқарбек Съезбекұлы ауданымызға қарасты Первомайка, Лозовое және Жалтыр ауылдарында жұмыс сапарымен болды.

Бүгінгі таңда халықты толғандырып жүрген өзекті және түйткілді мәселелерді талқылауға ерекше көңіл бөлінетін болады. Мәжілісмен сайлауалды бағдарламалардағы тапсырмалардың жергілікті жерлерде қалай орындалып жатқанын, халықтың әлеуметтік мәселелері қалай шешіліп жатқанын саралады. Ол үшін депутат Aсқарбек Съезбекұлы денсаулық сақтау, білім беру, шаруашылықтарды аралап, әр өңірге қатысты мәселелерді талқылады.

Астрахан аудандық мәслиатының хатшысы Мейрам Қожахмет, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Саят Қайыржановпен бірге Первомайка және Лозовое елді мекенінде орналасқан «Фермер-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Валерий Пельцер кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, Жалтыр ауылындағы «AZAM-KC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Аязбек Мусинмен кездесті.

Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің кіші залында ауылдық округ әкімдерімен жүздесіп, түрлі бағдарламалардағы тапсырмалардың жергілікті жерлерде қалай орындалып жатқанын, халықтың әлеуметтік мәселелері қалай шешіліп жатқанын талқылады.

23.02.22 10

Өз тілшіміз.