22/12/2024  Жексенбі
$523.86 ₽5.11 €544.34

Коронавирустық инфекцияға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында жұртшылық, оның ішінде дәрігерлер жаппай вакцина салдыруда. Мамандар қауіпті індеттен құтылудың жалғыз жолы - екпе деп әңгімелеуде.

 

Бүгінде осы індеттен құтылу мақсатында ауданымыздың Николаев ауылдық округінің орталығы Петровка ауылының дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Ерболат Абдиашимов екпе салдырған болатын.

Өздеріңіз білетіндей, кронавирустық инфекциямен ауырып жатқан жандардың және бұл індеттен көз жұмып жатқан адамдардың саны күн сайын артып келеді. Ендеше, бұл қауіптен өзімізді, жанұямызды қорғау үшін барлық карантиндік ережелерді ұстанып, бұл тақырыпқа өте байсалды қарайық. сондықтан, бұл пандемиядан қорғанудың ең тиімді жолы - вакцинация деп білемін. Өз денсаулығымыз - өз қолымызда,-деп атап өтті Петровка ауылының дәрігерлік амбулаториясының фельдшері.

Бұл індеттен өзін, отбасын қорғау мақсатында екпе салдыруға шақырып жатқан жандардың бірі – Астрахан аудандық орталық ауруханасының дәрігері Ольга Шандер. Оның айтуынша, коронавирустық инфекцияның былтырғы жылмен салыстырға нәтижесі бойынша биылғы жылы көбінесе бұл індетпен ауырып жатқандардың көбі - жастар. Жастардың көптеп ауырып жатқан себептері біршама. Мысалы, вакцина алмау, дәрігерлердің көмегіне кеш жүгіну және тағы сол сияқты мәселелер.

Астрахан аудандық орталық ауруханасының дәрігері Ольга Шандер барша аудан тұрғындарын коронавирустық инфекцияны алдын алу мақсатында барлық карантиндік ережелерді сақтап, адам көп жиналатын орындарға бармауға, той, жиын секілді салтанатты шараларға қатыспауға шақырады, Және бұл пандемиядан құтылудың жолы - вакцина  екендігін жеткізіп, барша аудан азаматтары мен азаматшаларын вакцина алуға шақырып, үндеу жасады. Өзімізді, жанүямызды және жақындарымызды қорғайық!

111 222

Арман ЖАПАРОВ.