23/05/2025  Жұма
$510.84 ₽6.39 €579.7

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті кәсіпкерлік субъектілері мен тұтынушыларды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі түзетулер туралы хабардар етеді.

        

Бұдан бұрын «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 204-4-бабы бойынша Ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін асырғаны үшін ескерту жасалды. 2025 жылғы 13 наурыздан бастап Кодекстің 204-4-бабы осы бұзушылық үшін жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - 5, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 35, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-150 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

Бұдан басқа, өзгерістер ӘҚБтК-нің 190-бабының 5-тармағына қатысты болды, ол сатушылардың (дайындаушылардың, орындаушылардың) ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін, атап айтқанда, ӘҚБтК бойынша міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілігін көздейді:

  • сатушының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ тұтынушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыруға;
  • Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде Тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы шағымға жазбаша жауап беру;
  • Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тиісті және тиісті емес сападағы тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету.

2025 жылғы 13 наурыздан бастап сатушылардың осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік ескертудің орнына айыппұл қолданыла бастады:

Департаменттің байланыстары: 8(716-2)50-29-89, Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 117, каб.№ 6, 25.