ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Бір акын атамыз «Адам бугiн бар, ертен топырак» деп айтқан екен. Ешкім мәңгiлiк емес екенін, тiптi өлiмнiң бiреуге ерте, біреуге кеш келетiнiн де білеміз. Сонда да ең жакын адамдарымызды жиіренжітеміз, керiсемiз, ашуландырамыз. Өкінішті.
Kөп байқаймын, кейбір адамдар өзгелерге жылы сөйлейді, ал өзінің жакындарына дөрекі. Әсіресе, басқалардың әке-шешесiне ілтипат көрсеткен достарымның өз аналарына айкайлап сөйлегенін жиі көргем.
«Колда барда алтынның қадiрi жоқ» деп даналарымыз нақты әрi дөп айтқан ғой. Әсіресе, ата-ананың қадірін білмейтіндер көп. Ал олар қайтпас сапарға аттанғанда дәл солар сияқты мені ешкім ойламайды екен. Дәл солар секілді мені ешкім жаксы көрмейді, еркелетпейді деп жылайды, сағынады.
Бұл адамдардың қатарында мен де бармын. Шешемнiң қадiрiн бiлмедiм. Қырсық, қыныр қыз едім. Анам үнемi «Біреуге қырсығып қателiк iстегенше, өз бақытың үшiн тырыссайшы» дейтін. Тыңдамайтынмын, бәрiн керiсiнше істеп қиын қылатынмын.
Сол қырсығу мен есейген сайын үдедi. Анам ұзын етек ки десе, қысқа киетiнмiн. Шашыңды қырықпа десе, керiсiнше қиып, оған ұнамайтын түске бояп алатынмын.
Анамды уайымға салсам, ашуландырсам, өзiмдi бақытты сезінуші ме едім, білмеймiн ғой. Ал ана деген ешқашан баласына жамандық ойламайтынын, сол кезде менің шешем де жамандықтан алыстатқысы келгенін кейін түсіндім.
Мен анамның қадірін білгенде бәрі де кеш еді. Анам өмiрiнiң соңғы жылдары мені уайымдаумен болды. «Бір қателігіңді қайталай бермеші. Қашан адам боласың? Саған ақыл кiре ме? Тым болмаса бір рет менiң айтқанымды орындашы» деп талай рет айтты. Құлақ аспадым.
Қазiр анамның сөзiн тыңдамағаныма да, оны уайымға салғаныма да өкiнемiн. Анамды қуанта алмағаныма өзiмдi жазғырамын.
Анамды сағынып жүрмiн. Онын жылы сөзiне зәрумiн. Бір рет те құшақтап, «Рахмет саган, ана» деп айтпаппын. Бiр рет те «Сiздi жаксы көрем» демеппін. Әйтеуір ұрысып қала беретiнмiн. Жекiп сейлейтiнмiн. Сонда да ол менi жақсы көруiн, мен ойлауын тоқтатпады. Ал мен сол кезде шын бақытты болғанымды ұқпаппын да... Өкінем.
Жакында инстаграмды ақтарып отырып, «serik_abasshakh_officialpage» парақшасында жазылған бір жазбаны оқып өкiрiп жыладым. Өйткені бұл жазба анамды еске түсірді. Сол жазбаны хатыма көшiрiп жолдасам, жастарға ой салар деп ойлаймын. Олардың ата-анаға деген құрметін арттыруға осы жазба әсер етсе екен деймiн.
«...Студент кезiмiзде демалыс алсақ болды, ауылдағы үйге қарай асығып тұратынбыз. Бір жолы кезектi мерекелiк демалыс болды ма, әлде оқу бiттi ме, әйтеуір, студенттердiң бәрi қайтып жатқан кезде мен де кассадағы соңғы билеттi алып, ауыл, қайдасың?» деп үйге қарай тарттым.
Қасымдағы да студент бала екен. Маған бiр қарады да, ары қарай бірдеңесiн тыңдап өз әлемі өзінде, отыра берді.
Бір вагонда жалғыз өзі отырғандай талтайып алғанына ашуым келсе де, үндемедiм. Вагон толы жастар, ерсілі-қарсылы кіріп-шығып жүр. Бір кезде әлгi жiгiтке анасы телефон соқты. Бала анасымен өте дөрекі сөйлестi. Жүрегім қан жылағандай болды.
«Әттен...» дедiм iшiмнен. Көп адам анасының қадiрiн тiрi кезiнде бiлмейдi-ау. Тiрi кезiнде сыйласа алмасаң, өлгеннен соң жылағаннан не пайда?
Өзiмнiң қайтыс болған анам есiмe түciп, iштей бiр егiлiп алдым. Неге өйтті екен? Анасы сонша не істеп қойды?
Арада біраз уақыт өткенде қарнымыз шұрылдай бастады. Әрі жол жүрген адамның бiр-екі сағаттан кейін қарны аша бастайтыны заңды ғой. Буфеттiң алды толған кезек. Кенет әлгi жiгiт үйiне кайта телефон шалды: «Мам, я на такси приеду, ты с собой 500 тг возьми и выходи на улицу, встреть меня»,-деді. Анасы түнгi бiрде қалай шығатынын уайымдады ма екен, бiрдеңе дей қалып еді, баланың көзi атыздай болды: «Тебе че, западло что ли?»
Әлгi баладан қатты көңiлiм қалды. Бұл анаға айтылатын сөз бе едi? Сол кезде оның карны аш әрі ақшасы жоқ екенін білдiм де, буфетке барып, өзiме не алсам да бәрiн екі-екіден алып, ыстық шай алып, қайтып келдім. Жігіт көзін жұмып алған, бірдеңе тыңдап отыр. Мейлінше жұмсақтық танытып, тамақтарды алдына қойдым да, «жеңiз» дедiм. Өзім ештеңе болмағандай өз тамақтарымды алып, терезеге карап жеп отырмын. Сол кездегі ана жiгiттiң реакциясын керсеңіз ғой. Дала қараңғы, терезеден барлығын көріп отырмын: екi кезi бақырайып, ақырын ғана құлағындағыны шешті, аяқтарын жинады. Содан кейiн өз қылығына өкiнгендей болып тып-тыныш отырып қалды.
Түсетін уақытымыз жақындап қалған едi, сөмкемнен қағаз алдым да, «Менiн анам қайтыс болған, егер ол тірі болғанда, мен оған айғайламақ түгілі, оның аяғын сүй ер ем», - деп жазып, сөмкелерiмдi жинап, кағаздық колына берiп, шығып кеттім.
Вокзалдан ағам күтіп алды. Бір бұрышта әлгi жiгiттiң анасына: «Мам, я сам зайду ты спи, замерзнешь», - деп жатқанын естiп қуанып кеттім.
Негiзi адамдар жаман болғысы келіп жаман болмайды екен, тек оларға жақсы болудың жолдарын керсетiп жіберу керек..»
Осы жазбада жазылғандай, мен де анам тірі болса қазiр аяғын сүйер едім. Қадiрiңдi бiлмеппін, анашым. Кешірші мені...
Өз ақпаратымыз.