Нұр-Сұлтан қаласында Қажымұқан Мұнайтпас-ұлының 150 жылдығына арналған еркін күрес және әйлдер күресінен 2005-2006 жылдар арасында республикалық жарыс өтті.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдары мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Жарысқа Қазақстаның барлық аумағынан, жас балуандар өз күштерін сынады.
Жарысқа Астрахан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәккіртері Томирис Баймағамбет, Ерсат Ержанов, Алдияр Абдрашев және Айнұр Дүйсенбек қатысты.
Дайындықтары жоғары деңгейде болғандықтан Томирис Баймағамбетова 46 келі салмақта 3 орынға ие болса, Айнұр Дүйсенбек 69 келі салмақта қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, өз салмағында бірінші орынға ие болды.
Ерсат Ержанов 51 келі де және Алдияр Абдрашев 92 келі салмақта жүлдесіз қалса да, жарыста өзінің жеңіске ерік екенін білдірді.
Ш.Жүсіпбаев,
балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.