Петровка ауылындағы №168 сайлау учаскесінде Николаев ауылдық округі әкімін сайлау қарқынды өтуде. Тұрғындар таңнан бастап дауыс беруге асығып, өз таңдауларын жасауда.
Сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келген Айгүл Ягушевская балаларымен бірге өз дауысын берді. Бұл – тек азаматтық борышты өтеу ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа үлгі көрсету. «Біздің дауысымыз – ауыл болашағына қосқан үлес. Балаларымызға елге жанашыр болуды үйретуіміз керек. Сол себепті оларды өзіммен бірге ертіп келдім», – дейді Айгүл.
Сайлау учаскесінде барлық жағдай жасалған, дауыс беру процесі ашық әрі ұйымшыл түрде өтуде. Учаскелік комиссия мүшелерінің айтуынша, тұрғындар белсенділік танытып жатыр.
Әрбір берілген дауыс – ауылдың ертеңі үшін жасалған маңызды қадам. Тұрғындар сенім білдірген үміткерлер Николаев ауылдық округінің дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз.