27/01/2026  Сейсенбі
$501.79 ₽6.56 €595.07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев алдағы референдумның мән-маңызы және заңнамалар жүзінде енгізілетін өзгерістер туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ендігіде Мемлекет басшысы қандайда бір облыс, не республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына жалғыз емес, бірнеше кандидатты баламалы негізде ұсынады. Оларды облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары таңдайтын болады. Демек, бұдан былай облыс әкімі де сайланады дей аламыз. Іс жүзінде аймақ басшысы кім болатынын жергілікті депутаттар айқындайды», - дейді депутат.

Ағымдағы жылдың 16 ақпанынан бастап Қоғаныс министрінің бірінші орынбасары, Бас Штаб бастығының бұйрығымен Астрахан және Егіндікөл аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығы лауазымына Еркеғали Қасымханұлы Аубакиров тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Үйсімбаев Aсқарбек Съезбекұлы ауданымызға қарасты Первомайка, Лозовое және Жалтыр ауылдарында жұмыс сапарымен болды.

Еркіндік, азаттық біздің халқымыздың ежелгі арманы еді. Қазақстан егемендік алғанға дейін 300 жылға жуық бодандықтың бұғауында 70 жылдай кеңестік жүйенің шырмауында болдық. Көптен күткен талай ғасырлар бойы аңсаған тәуілсіздікке қол жеткізгенімізге 30 жыл толып отыр.

Жылдағы дәстүрге сай 1 қыркүйек - «Білім күні» мерекесінде ауданымыздағы барлық мектептерде салтанатты жиындар өтіп, алғашқы қоңырау үні соғылды. Аптаның басында Астрахан орталығындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.

Конституцияның 26 жылдығы қарсаңында аудан әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі Нұрлан Сейіловтың қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.

Өткен аптаның соңында аудан әкімінің орынбасары Жанар Шахпұтованың қатысуымен «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында тамыз кеңесінің аудандық пленарлық отырысы өтті.

Аптаның басында ауданымызда жұмыс сапарымен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева болды.

Ауыл шаруашылығының өндiрiсi экономиканың негiзгi саласы болып саналатын аудан «СХП Колутон-04» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандары алқаптардан өнім жинауға кірісті.

Нұр-Сұлтан қаласында Қажымұқан Мұнайтпас-ұлының 150 жылдығына арналған еркін күрес және әйлдер күресінен 2005-2006 жылдар арасында республикалық жарыс өтті.