22/12/2024  Жексенбі
$523.86 ₽5.11 €544.34

Жаңалықтар

Цифровой мир: Казахстан лидер по экспорту IT-решений в Центральной Азии

Газета Маяк

Ақмола облысында су тасқыны салдарынан 28 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті. Олардың 26-сы зиянды өтеу үшін комиссияның мақұлдауына ие болды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Жаслан Айдрахманов брифингте айтты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақмола облысы - Қазақстанның индустриалды-аграрлық аймағы. Бүгінгі таңда өнеркәсіп экономикаға үлкен үлес қосуда. Мәселен, 8 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 1,2 трлн. теңге.     

Аймақтың экономикасы инвестицияларға да байланысты. Барлық салаларда 1,7 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 198 жобаны іске асыру жоспарланған. Инвестициялаудың негізгі бағыттары – агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп және туризм салалары.

"Бүгінде 64 жоба іске асырылды. Ең ірілері-Көкшетау қаласында қуаттылығы жылына 48 мың тоннаға дейінгі бұршақ және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешенінің және Целиноград ауданында 1500 басқа арналған сүт-тауар фермасының құрылысы. Сондай – ақ, жаңартылатын энергия көздері саласында ірі жобалар - Аршалы ауданындағы жел электр станциялары іске қосылды", - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары.

Жалпы, мемлекет бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту және кәсіпкерлік секторды ынталандыру үшін шаралар қабылдайды. Осының арқасында өңірде ШОБ дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша жақсару байқалады. Мәселен, субъектілер саны 0,4% - ға өсіп, 58,9 мың бірлікті құрады, жұмыспен қамтылғандар саны 2% - ға өсіп, 144,2 мың адамды құрады.

Халық үшін қызықты мәселе – азық-түлік бағасы. Бағаны тұрақтандыру үшін жыл басынан бері өндірушілермен және сауда объектілерімен 1 204 келісім жасалды, 276 жәрмеңке өткізілді.

"Бағаны тұрақтандыруға 3,4 млрд. теңге бөлінді. Күзгі егіннен көкөністер қажеттіліктің толық көлемінде келісімшартқа отырды. Түркістандағы көшпелі кеңес барысында келесі жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде ерте көкөністерді жеткізу туралы ниет шарттары жасалды. Жалпы, тауарлар қоры 4 287 тоннаны, форвардтық шарттар шеңберінде – 4 300 тоннаны құрайды", - деп атап өтті спикер.

Языки издания: казахский, русский

Распространение газеты: подписка+розница

Дни выхода: пятница

Тираж: 1050  экз.