Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте
Ақмола облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары – облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігерінің орынбасар Ағыбай Сыздықов айтып берді.
Ветеринария басқармасы 32 функцияны жүзеге асырады және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау мекеменің негізгі міндеттері болып табылады.
Басқарма және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді, олар:
- Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру;
- Ветеринариялық паспорт беру;
- Ветеринариялық анықтама беру;
- Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
Биылғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша облыста 403,9 мың бас ірі қара мал, 617,2 мың бас ұсақ мал, 265,9 мың бас жылқы, 42,9 мың бас шошқа, 210 түйе бар екен.
Спикердің айтуынша, қазіргі уақыттағы тағы бір мәселе - ол жануарлардың иелері ветеринариялық қызметке және ауылдық округ әкімдіктеріне жануарларды сатумен, союмен, жануарларды сатып алу және басқа да орын ауыстырумен байланысты жануарлардың шығуы туралы ақпарат бермейді, соның салдарынан АШЖБ (ауыл шаруашылық жануарлар бірдейлендіру базасы) дерекқорына және шаруашылық бойынша есепке алу кітабына тиісті өзгерістер уақтылы енгізілмейді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда облысымызда жануар иелері мен ветеринария саласы мамандарының пайдалануына арналған «Vetlab», «ветеринариялық-санитариялық сараптама», «Vetmobile», «torttulik» сияқты мобильді қосымшалар іске қосылуда.
«Кадрлардың жетіспеушілігі ветеринарлық жұмыстың күрделілігіне де әсер етеді (ауылдық жерлерде ветеринарлық кадрлармен қамтамасыз ету 80% құрайды). Кадр тапшылығы проблемаларын шешу үшін жыл сайын аудандарға дипломмен ауылға атты бағдарлама шеңберінде мамандарды шақырудамыз»,- деп атап өтті Ағыбай Сыздықов.
Облыста, аудандық және қалалық ветеринарлық станцияларда штат саны 722 бірлік қарастырған, нақты 619 маман жұмыс атқарады, ветеринариялық мамандармен қамтамасыз ету 80% құрайды.
Ветеринариялық мамандармен қамтамасыз етілу деңгейі облыстық деңгейден төмен аудандар: Степногорск қаласы – 38%, Жарқайың ауданы - 65%, Шортанды ауданы - 64%, Целиноград ауданы - 61%, Астрахан ауданы - 69%, Егіндікөл ауданы - 63%.